Электрондық еңбек биржасы

Сіз жұмыс іздедіңіз бе? Немесе бос жұмыс орындарын ұсынасыз ба? ⠀
Сіз оны ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЕҢБЕК БИРЖАСЫНДА жүзеге асыра аласыз! ⠀
ТҮЙІНДЕМЕ қалай жариялауға болады?
1.   Тіркеліңіз. Тіркелуге арналған нысанды толтырыңыз және мекенжайды растаңыз.
2. Түйіндеме жариялаңыз. «Жаңа түйіндеме жариялау» тетігіне басыңыз. Қажетті ақпаратты енгізіңіз және деректерді сақтаңыз.
3. Түйіндемені жіберіңіз. «Түйіндемені жіберу» тетігіне басып, жұмыс берушіге түйіндемені жіберіңіз.
4. Шақыртуды бақылаңыз. Сіз шақыртуды қабылдай аласыз немесе бас тарта аласыз. Жұмыс берушілер Сіз қандай шешім қабылдағаныңызды бірден көреді.
5. Шақыртуға жауап беріңіз!⠀
БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН қалай беруге болады?
1.   Электрондық еңбек биржасында тіркеліңіз. Тіркелуге арналған нысанды толтырыңыз және Сіздің электрондық мекенжайыңызды растаңыз.
2. «Жеке кабинетте» Сіздің кәсіпорын туралы ақпаратты енгізіңіз. Ақпаратты растау үшін Сізге ЭСҚ қажет.  
3. «Бос жұмыс орынын» қосу қызметін таңдаңыз. Қажетті ақпаратты енгізіңіз және деректерді сақтаңыз.
4. Байланыс деректерін көрумен түйіндемені кеңейтілген іздеу көмегімен лайықты кандидатты табыңыз.
5. Лайықты кандидатты таңдап, «Шақырту жіберу» тетігіне басып, оны сұхбаттасуға шақырыңыз.
Бос жұмыс орындарының және түйіндеменің үлкен деректеріне тегін рұқсат алыңыз! Электрондық Еңбек Биражасында қызметкерлер мен жұмыс іздеу тегін, тез және ынғайлы.
 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

4 × два =