«Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесі

I. Кіріспе бөлімі

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің заты: «Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг өткізілді: «Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тобымен, Тургенев к-сі, 30, [email protected], № тел. 489021.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті өткізу кезеңі: 2018 жылғы 2 шілдеден басталды, 2018 жылғы 5 шілдеде аяқталды.

4. Қадағаланатын кезең: 6 ай (қаңтар-маусым) үшін қызметі.

II. Ақпараттық-талдау бөлімі

«Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. жұмыс іздеуші тұлғаларды тіркеу, қызмет ақысыз балама негізде көрсетіледі;
  2. жұмыссыз ретінде жұмыс іздеуші тұлғаларды тіркеу, қызмет ақысыз баламасыз негізде көрсетіледі;
  3. мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, қызмет ақысыз баламасыз негізде көрсетіледі;
  4. атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру, қызмет ақысыз балама негізде көрсетіледі;
  5.  жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар іс-тәжірибесі, қоғамдық жұмыстарға және жұмысқа орналасу, қызмет ақысыз балама негізде көрсетіледі.

2018 жылғы 1 шілде бойынша жылдың басынан Халықты жұмыспен қамту орталығымен 6865 мемлекеттік қызмет көрсетілді мемлекеттік атаулы көмекті тағайындау – мемлекеттік қызметтерді көрсетуге дәлелді бас тарту 4. Барлық мемлекеттік қызметтер Жұмыспен қамту орталығы арқылы көрсетіледі (бұл жағдайда «Еңбек нарығы» АЖЖ жұмыс іздеуші тұлға ретінде тіркеу туралы хабарландыру, жұмыс іздеуші тұлғаны тіркеу кезінде жұмыссыз ретінде тіркеу және жұмыссыз ретінде жұмыс іздеуші тұлғаны тіркеу туралы анықтама бермейді).

2018 жылғы 19 наурыз «Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де «Өскемен қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімімен мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында заңнаманы сақтау бойынша бақылау іс-шаралары

жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша берілген ұсыныстар бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бақылау іс-шаралардың нәтижесі бойынша ұсыныстарды орындау және бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспары қалыпасты.

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық мотивтері бойынша орталықтың азаматтық қызметшілеріне арыздар түспеді.

«Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де 2018 жылғы шілдеге штат бойынша қызметшілердің саны – 53 адам, олардан азаматтық қызметшілер – 49, техникалық жұмысшылар 4, нақты 50.

Өткен кезеңге 5 қызметтік қызметкермен еңбек шарты өз еркі бойынша бұзылды және 3 уақыты өтуіне байланысты еңбек шарты бұзылды.

«Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде рұқсат беретін және бақылау функциялар жоқ.

Мемлекеттік сатып алулар: «Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында 83 мемлекеттік сатып алулар өткізілді, олардан:

конкурс әдісімен – 1,

бағалық ұсыныстарды сұрату әдісімен – 8,

болмаған сатып алулар бойынша бір көзден – 1;

тура шарт жасасу арқылы бір көзден – 73.

III. Қорытынды бөлімі

«Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметі жұмыс тобының бағалауы: жұмыс тобымен сыбайлас жемқорлықты көріну фактілері бекітілмеді, сыбайлас жемқорлық және әкімшілік бұзушылықтары үшін жауапқа тартылған Орталық қызметкерлері жоқ.

Азаматтық қызметшілердің лауазымдық міндеттерін тиіссіз орындау фактілерінің алдын алу мақсатында орталықта азаматтық қызметкерлермен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын түсіндіру семинарларын, кездесулерін және басқа іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу түрінде түсіндіру жұмысы өткізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы жаднамалар Халықты жұмыспен қамту орталығының сайтында және қағаз нұсқасында Халықты жұмыспен қамту орталығы ғимаратында жұмысшылармен және келушілермен қарап танысу үшін жарияланды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларын жақсарту бойынша ұсыныстар жоқ.

Қаланың жұмыспен қамту орталығының жұмыс тобы ұсынады:

– азаматтық қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтау бойынша жұмысты жандандыру;

  • Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен өткізілетін семинарларға және дәрістерге белсенді қатысу.

Қорытынды: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі нәтижелерінің негізінде «Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын өткізу.

Жұмыс тобының төрағасы                                                                 

Л. Коконева

Жұмыс тобының хатшысы                                                                 

  Л. Якушева

Жұмыс тобының мүшелері                                                       

 З. Жарылгасинова

 Ш. Жантермирова

    К. Акбаева

  Г. Пахомова

А.В. Горностаева (келісім бойынша)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

пять + девятнадцать =