‼️ «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында өз ісін ашу немесе ұлғайту үшін шағын несие ұсынады.
‼️ Оның негізгі міндеттері жұмыс орындарын құру болып табылады. Мемлекеттік бағдарламаның қатысушылары жұмыссыздар және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер.
‼️ «Еңбек» бағдарламасының қатысушыларына шағын несие беру шарты:
♦️- шағын несие мерзімі – 5 жылға дейін (аз қамтылған және / немесе көп балалы отбасылардың мүшелері – 7 жылға дейін)
♦️- сыйақы мөлшерлемесі жылына 6 % (аз қамтылған және / немесе көп балалы отбасылардың мүшелері – 4 %)
♦️ — кепілзаттың болуы (олар оларды бағалауға және сақтандыруға кететін шығындарды жабады)
♦️ — жұмыспен қамту орталығынан жолдаманың болуы
♦️ — микрокредиттің максималды сомасы — 18 057 000 теңгеге дейін (аз қамтылған және көп балалы отбасылардың мүшелері — 22 224 000 теңгеге дейін)
«Өскемен қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ
📌Байланыс тел: ☎️ 8 (7232) 29-33-69,
🏫Тургенев көшесі, 30, 4 қабат, 301 каб.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

3 + четырнадцать =