ШҚО ҚАЖД ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНЕ ШЫҒУ КЕЗДЕСУ

Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығымен ШҚО бойынша Құқықтық атқару жүйесі департаментінің пробация қызметіне 2019 жылғы 18 маусымда кестеге сәйкес, есептегі тұлғаларға жұмысқа орналастыруға және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша шығу кездесуі өткізілді.

Осы іс-шараның мақсаты «әлеуметтік портретті» құру, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және пробация қызметінің есебіндегі тұлғалардың әлеуметтік проблемаларын анықтау.


Мемлекет есебінен жаңа мамандықты қалай алуға және жұмысқа орналасуға болады?

Егер Сіз жұмысқа орналаса алмасаңыз, егер Сіздің мамандығыңыз сұранысқа ие болмаса немесе арнаулы орта, жоғары біліміңіз болмаса, Сіз көмекке мемлекетке жүгіне аласыз.
⠀ ❓Кадрларды дайындау және қайта дайындау бойынша қандай мемлекеттік бағдарламалар бар?


❗ «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ жұмыссыз азаматтар үшін қысқа мерзімді кәсіби оқытуды ұйымдастырылды


ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

2019 жылғы 21 маусымда сағат 11.00-ден            ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ, Серікбаев көшесі, 19 мекенжайы бойынша
ОБЛЫСТЫҚ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ  өткізіледі

Осыған байланысты, бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысуға жұмыс берушілерді және жұмыс іздеуші жұмыссыз азаматтарды шақырамыз!

87772877605, 87778535666 ТЕЛЕФОНДАРЫ БОЙЫНША ХАБАРЛАСУ.

Осы іс-шараға қатысуды қалайтын жұмыс берушілерден 2019 жылғы                       17  маусымға дейін сұраным беруді сұраймыз


БЖТ дегеніміз не?

  • БЖТ – бұл сіздің әлеуметтік қорғалуыңызды қамтамасыз ететін тіркелудің жеңілдетілген түрі. Бірыңғай жиынтық төлемі төрт міндетті төлем түрін бірге біріктіреді: жеке табыс салығы (ЖТС), мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, БЖЗҚ және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар.
  • Қалай БЖТ-ді төлеу қажет? 

ЖАСТАР ІС-ТӘЖІРИБЕСІ

ҚҰРМЕТТІ ТҮЛЕКТЕР!

Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы Жастар жылы аясында сіздерді «ЖАСТАР ІС-ТӘЖІРИБЕСІ»  бағдарламасына  қатысуға шақырады.


2019 жылғы 31 мамырда Халықты жұмыспен қамту орталығымен семинар өткізілді.

2019 жылғы 31 мамырда Халықты жұмыспен қамту орталығымен «Электрондық еңбек биржасы» және «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша семинар өткізілді.


«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін»)

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша оқитын еңбек күшінің ұтқырлығын арттыру үшін тұлғаларды ерікті түрде қоныс аудару оңтайлы мысалының ақпараты .


Назар аударыңыздар! Оралмандардың мəртебесін ұзартуына байланысты біржолғы акция өткізілуде !

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап елге этникалық қазақтарды қайтаруды ынталандыру саясатын өткізуде. Осы жылдарда тарихи отанына 1 миллионнан астам адам қайтып оралды. Әрекет ететін Заңнамаға сәйкес, оралман мәртебесі Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіпте алуға мүмкіндік береді. Алайда, түрлі себептерге байланысты 2019 жылдың басынан 15 мыңнан астам этникалық қазақтар (ҚР ІІМ деректері бойынша) оралман мәртебесінің аяқталуына байланысты осы құқықты пайдалана алмады.

Осыған байланысты, елде біржолғы акция өткізілуде, ол акцияның аясында осы санаттағы тұлғалар жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан азаматтығын алуға ішкі істер органына құжаттарын тапсыру және оралман мәртебесін ұзатуға жергілікті атқарушы органға жүгінуге құқылы. Акция 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады.


Жұмыс берушілердің назарына!

«Жасырын жұмыссыздық жөніндегі мәлімет 3-ТН» статистикалық байқауды жинау және мониторингілеуді автоматтандыру мақсатында электрондық еңбек биржасы www.enbek.kz порталында функционал іске асырылды («ҚР ДСӘДМ әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары мен олардың толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» ҚР ҰЭМ Статистика комитеті Төрағасының м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы               № 227 бұйрығы).

Толтыру бойынша нұсқаулық :http://ukazan.kz/инструкция-3-тн-1/ .


Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша ақпарат

2019 жылғы 20 мамырда қаланың халықты жұмыспен қамту орталығында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.

Бос жұмыс орындарының өткізу мақсаты: жұмыссыз азаматтар мен жастарға жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.