Еңбек ресурстарының ұтқырлығы

ЕРІКТІ ТҮРДЕ ҚОНЫС АУДАРУҒА ЖӘРДЕМДЕСУ

         Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысқа орналастыру немесе жеке ісін ашу үшін жаңа тұрғылықты жеріне азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі:

          1) әлеуметтік-экономикалық даму потенциалы төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму потенциалы жоғары елді мекенге және жұмыс берушілердің сұратуы есебімен экономикалық даму орталықтарына;

          2) Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына сәйкес оралмандарды және қоныс аударушыларды қабылдау аумақтық квотасының аясында Қазақстан Республикасымен анықталған аймақтарға.

Мемлекеттік қолдау тұрады:

         1) жұмысшыны көшіру жұмыс берушілердің есебінен жүргізілгенде тұлғаларға және олардың отбасы мүшелеріне қоныс аударуға субсидия ұсыну;

        2) жұмыс беруші жұмысшыға тұрғын жай немесе тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге субсидия ұсынған жағдайларды қоспағанда тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, жатақханадан бөлме ұсыну;

         3) жұмыс берушілердің сұранысы болған жағдайда кәсіби оқыту;

         4) жаңа тұрғылықты тұру жерінде жұмысқа орналасуға жәрдемдесу.

ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗ