Жастар іс-тәжірибесі

Жастар іс-тәжірибесі (ЖІТ) – 6 айға ұйымдастырылған жұмыс орнына ЖООның , кәсіби және техникалық білім беру оқу орындарының түлектерін (29 жастан артық емес) жастар іс-тәжірибесіне жолдау. Бұнымен қоса, жұмыспен қамту орталығы 25 АӘК мөлшерінде еңбек төлемін 2019 жылға 57 360 теңге (салық, міндетті әлеуметтік аударымдар, қолданылмаған еңбек демалысыне өтемақы және банк қызметтерін есепке алғанда) жүргізеді.

Жұмыс беруші кызметкерлерды берілген мерзімде бос жұмыс орындарына таңдап алу мүмкіндігі болса, ал жастар іс-тәжірибесіне қатысушылардың алғашқы еңбек тәжірибелерін және дағдыларын алуға мүмкіндіктері болады.

 

Жұмыс берушіге қажетті құжаттар: Жарғы, БСН, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, директорды тағайындау туралы бұйрық, ЖК үшін (жеке куәлік, ЖК куәлігі).

 

ЖІТ-не бағыттау үшін жұмыссыздарға қажетті құжаттар:

  • жеке куәлігі;
  • еңбек кітапшасы, соңғы жұмыс орнынан еңбек келісім-шарты (бар болса);
  • білім туралы құжат (диплом).