Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуының оңды мысалдары туралы ақпарат.

Кулипбаева Жания Муратовна  23.10.1981 жылы туған.

Мекенжайы: Өскемен  қ., Карл Маркс даңғылы, 5/2 үй, 53 пәтер

Байланыс телефоны: 87074343702

Кулипбаева Жания Муратовна 23.10.1981жылы Алматы обласы, Талдықорған қаласында дүниеге келген (отбасы құрамы: 4 адам: жұбайы және 2 баласы – оқушы).

2001 жылы Мемлекеттік Талғар медициналық колледжін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген, 2010 жылы С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетін «Фармация» мамандығы бойынша аяқтаған. «Еңбек» Нәтижелі жұмыс пен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы туралы естіп, Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласып, жұмыс күші артық облыстардан жұмыс күші жетіспейтін облыстарға ерікті қоныс аудару бойынша және оның ішінде көшуге субсидия төлеу туралы да толық кеңес алды.

Ж.М. Кулипбаева Өскемен қаласына көшуге өтініш берді, Бағдарлама қатысушысы болып, қызметтік пәтер алды (бір бөлмелі пәтер мекенжайы: Карл Маркс, 5/2 – 53).

Халықты жұмыспен қамту орталығының көрсеткен көмегімен Ж.М. Кулипбаеваға көшуге субсидия төленді, Өскемен қаласының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ана мен бала орталығы» КМК ем-шара кабинетіне медбике лауазымына жұмысқа орналасты, қазіргі күнде де сонда жұмысын істеп жүр.

Жолдасы Кулипбаев Даурен Абдисадыкович «АЭС СОГРА  ЖЭО» ЖШС бас инженердің орынбасары.

Отбасы «Еңбек» Нәтижелі жұмыс пен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша қызметтік пәтер алып және жұмысқа орналасқандарына өте риза. Оларға қала да, жұмыстары да, әрине қуана қарсы алған Шығыс Қазақстанның адамдары да өте ұнайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

4 × two =