-Кәсіби қайта даярлау бойынша қағидалар

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы «14» маусымдағы
№ 516 бұйрығына
4-қосымша

Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қажыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы          6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң)  7-бабы 6) тармақшасына, «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі, «Білім беру туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес әзірленді және кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) әлеуметтік демалыс – ана болу, балалардың күтімі үшін, өндірістен қол үзбей білім алу және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жұмыскерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату;

2) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

3) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал Заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;

4) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);

5) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

6) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсетуді басқару функцияларын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;

7) дуальды оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын бере отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;

8) еңбек нарығы – жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;

9) жалақыны субсидиялау – халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбегіне жұмыс берушінің ақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу;

10) жалдамалы (ақы төленетін) жұмыскерлер – еңбегі үшін ақыны, оның ішінде лауазымдық жалақы, сыйлықақы, үстеме ақы не заттай түрдегі еңбекақыны (сыйақыны) көздейтін еңбек шарты бойынша (жал шарты) жұмыс істейтін жеке тұлғалар;

11) жаңа жұмыс орны – жаңа мекемені (ұйымды), кәсіпкерлік субъектісін (тоқтату арқылы құрылғаннан басқа) құруға байланысты құрылған немесе жұмыскерлердің санын арттыру, сондай-ақ жұмыскердің жаңа білімін, дағдылары мен ептілігін талап ететін өндіріс технологияларын жаңғырту немесе өзгерту арқылы құрылған жұмыс орны;

12) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

13) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

14) жұмыс күшi – жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық;

15) жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар – жұмыспен қамтылмаған немесе жұмыссыз болып табылмаған адамдар;

16) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге ықпал етуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

17) жұмысқа орналастырудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;

18) жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы жұмыскерлер – толық емес жұмыс уақыты немесе жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы жағдайында немесе жұмыскерлер әлеуметтік демалыста немесе өндірістің тоқтатылуына байланысты еріксіз бос жүрген жағдайларда еңбек қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлер;

19) лайықты жұмыс – кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша еңбек тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көлiктiң қолайлығына сәйкес келетін, соның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс;

20) кәсіптік даярлау – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау бойынша қысқартылған мерзіммен оқытатын білім беру бағдарламаларын іске асыруды көздейтін бөлігі;

21) кәсіптік оқыту – Заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары шеңберінде жаңа мамандықтар (кәсіптер) алу мақсатында білім беру ұйымдарында не жұмыс берушілер ұйымдарының жанындағы білім беру қызметіне құқығы бар оқу орталықтарында кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтитын оқыту;

22) материалдық көмек – кәсіптік оқудан өтіп жатқан жол жүруге және тұруға арналған шығындарды ішінара өтеуге төленетін ақшалай қаражат;

23) оқу орталығы – білім беру қызметіне құқығы бар оқу орталығы не жұмыс беруші ұйымдарының жанындағы оқу орталығы;

24) өңірлік комиссия – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының жанындағы жергілікті өкілді органдар, жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

25) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

26) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

27) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;

28) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдарды халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылатын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту, мемлекеттік қолдау шаралары.

 

 

2. Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру шарттары

 

3. Кәсіптік оқыту кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды қамтиды.

4. Егер:

1) қажетті кәсіптік біліктіліктің болмауынан лайықты жұмыс таңдау мүмкін болмағанда;

2) кәсіптік дағдыларға сай келетін жұмыстардың болмауына байланысты кәсібін (мамандығын), қызмет түрін өзгерту қажет болғанда;

3) бар мамандығы бойынша жұмысты орындау қабілетін жоғалтқанда халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша кәсіптік оқыту жүзеге асырылады.

5. Кәсіптік оқыту:

1) жұмыс іздеп жүрген адамдар;

2) жұмыссыздар;

3) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер үшін жүзеге асырылады.

6. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 19-бабы 4-тармағында көрсетілген мынадай адамдар:

1) мүгедектер;

2) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, асырап алушылар, қорғаншылар (қамқоршылар);

3) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар;

4) алғаш рет жұмыс іздеп жүрген (бұрын жұмыс істемеген) және бұл ретте біліктілігі жоқ адамдар;

5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар кәсіптік оқытудан басым тәртіппен өтеді.

7. Кәсіптік оқытуға және оқытуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге бағытталған шаралар тиісті жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен және қаражат шегінде:

1)    әлеуметтік кәсіптік бағдарлау;

2) стипендия төлей отырып, біліктілікті арттырудың, кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың (бұдан әрі – кәсіптік оқыту) тегін курстарына жіберу;

3) қызмет көрсету саласы үшін кадрларды даярлау бойынша, оның ішінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу шеңберінде және «жасыл экономика» саласында қысқа мерзімді тегін курстарға (бұдан әрі – оқыту шеберлік сыныптары) жіберу;

4) қысқа мерзімді курстарды қоспағанда, оқып жүргендерге субсидия (оқу орнына дейін және кері жол жүруге, жатақханада тұруға немесе тұрғын үйді жалдауға (жалға беруге) байланысты шығындарды өтеуге) (бұдан әрі – материалдық көмек) беру;

5) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді жұмыс берушілерге мемлекеттік гранттар беру есебінен біліктілік арттыруға және қайта даярлауға жіберу;

6) лайықты бос жұмыс орындарын іздеуге және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;

7) қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті жұмыскерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау жолымен іске асырылады.

8. Халықты жұмыспен қамту орталықтары:

1)«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалымен бірлесіп еңбек нарығының кадрларға қажеттіліктерін айқындайды;

2) кәсіптік оқытуға қажеттілік бар жұмыс берушілерді есепке алуды жүзеге асырады;

3) жұмыс берушілерге кәсіптік оқытуды ұйымдастыру тәртібі және шарттары, оның ішінде жұмыс берушілерге кәсіптік оқытуға қатысуға үміткерлерді таңдау туралы консультация береді;

4) мамандық (кәсіп) таңдау, кәсіптік оқыту және  жұмыс берушілердің қажеттіліктерін және әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізілген жұмыс орындарын (бос жұмыс орындарын) ескере отырып, оны аяқтағаннан кейін ықтимал жұмысқа орналасу мәселелері бойынша   үміткерлерге консультация береді;

5) үміткерлердің мамандығы (кәсібі) бос жұмыс орындарының біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысу мәселелері бойынша консультация береді.

9. Халықты жұмыспен қамту орталықтары консультация беру нәтижелері бойынша кәсіптік оқытуға үміткерлердің және білікті кадрларға қажеттілік бар жұмыс берушілердің тізімдерін қалыптастырады.

 

 

1-параграф. Кәсіптік оқытуға жіберу

 

10. Кәсіптік оқытуға үміткерлерді іріктеуді жұмыс берушілер:

1) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын үміткерлер қатарынан таңдау;

2) бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне қатысу;

3) өз бетінше, оның ішінде жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы;

4) өндірістің ықтимал тоқтауы, жұмыс уақытының қысқаруы жағдайында, аталған жағдайларға жол бермеу мақсатында, жұмыс берушінің қызметкерлері қатарынан таңдау арқылы іздестіру жолымен жүргізеді.

11. Жұмыс берушілер үміткерлерді әңгімелесу өткізу жолымен немесе халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынған ақпаратты зерттеудің негізінде іріктейді.

12. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілерден жазбаша ақпарат алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде үміткерлерге кәсіптік оқытуға қатысу үшін құжаттар ұсыну қажеттігі туралы (еркін нысанда) хабарлайды.

13. Жұмыс берушілер таңдаған үміткерлер хабарландырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тұрақты тұратын жеріндегі ауданның, қаланың халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

14. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);

3) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (кәсіптік оқытуға жолдама берілгенге дейін ұсынылады);

4) білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ бар болса, оқудан өткенін растайтын құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері;

5) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер бұдан басқа жұмыс берушінің толық емес жұмыс уақыты немесе ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты режиміне ауыстыру немесе жалақысы сақталмайтын демалыс не бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыс беру туралы немесе мәжбүрлі тоқтап туралы актісі (еркін нысанда).

15. Құжаттар тізбесін қабылдаған кезде халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері көшірмелердің түпнұсқалығын түпнұсқамен салыстырып тексереді және өтініш берушіге қайтарады.

16. Халықты жұмыспен қамту орталықтары бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқушылар құрамына үміткерлерді енгізу туралы бұйрық шығарады және осы Қағидаларға                  3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіптік оқытуға жолдама береді.

17. Кәсіптік оқытудан бас тартқан жағдайда халықты жұмыспен қамту орталығы бас тарту себептерін көрсете отырып, бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні жазбаша (еркін нысанда) хабардар етеді.

18. Халықты жұмыспен қамту орталығының шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға және (немесе) сотқа шағым жасауға болады.

19. Жұмыс берушілер кәсіптік оқытуға іріктеп алған үміткерлер жұмыс берушілердің келісуі бойынша осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген тәртіппен бекітілген өңір аумағында, ал олар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары тізбесінен білім беру ұйымдарын не жұмыс берушілер ұйымдарының жанындағы білім беру қызметіне құқығы бар оқу орталықтарын таңдайды.

20. Халықты жұмыспен қамту орталықтары кәсіптік оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмысты өздігінен не кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын және осы Қағидалардың 35-тармағына сәйкес айқындалатын оқу орталықтарын тарту арқылы жүргізеді.

21. Білім беру ұйымдарына, оқу орталықтарына кәсіптік даярлауға жіберілген кезде оқушылар түсу емтиханын тапсырмастан қабылданады.

22. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді, оның ішінде 18-ден       24 жасқа дейінгі жастарды өндірістен қол үзіп немесе қол үзбей кәсіптік даярлау, қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру жұмыс берушілердің өтінімі бойынша оқушының жұмыс орнын сақтау шартымен жүзеге асырылады.

Кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды ұйымдастыру кезінде Бағдарламаның 59-1-тармағына сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлерге және белгіленген зейнеткерлік жасына жеткенге дейін 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздарға, сондай-ақ 18-ден 24 жасқа дейінгі жастар қатарындағы ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмыскерлерге басымдық беріледі.

Жұмыс берушілер еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді, оның ішінде 18-ден 24 жасқа дейінгі жастарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін кәсіптік оқытуға жіберілетін жұмыскерлердің санын, кәсіптердің (мамандықтардың) тізбесін және оқыту нысанын көрсете отырып, халықты жұмыспен қамту орталығына өтінім береді.

Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді, оның ішінде 18-ден 24 жасқа дейінгі жастарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламалары мен нысандарын, сондай-ақ оларды өткізу кестесін оқыту ұйымдары жұмыс берушілермен және халықты жұмыспен қамту орталықтарымен келіседі.

Өндірістен қол үзіп кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан және (немесе) біліктілікті арттырудан өту уақытында еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге, оның ішінде 18-ден 24 жасқа дейінгі жастарға 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әлеуметтік демалыс беріледі.

23. Жұмыстан босатылған жұмыскерлерге және белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілік арттыруға жіберуді үміткерлерді таңдауда жұмыс берушілердің қатысуын талап етпей-ақ, халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.

Оқытуды әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудың нәтижелерін ескеріп, халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.

Оқытуды аяқтағаннан кейін Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді.

24. Халықты жұмыспен қамту орталығы, оқытуды өткізетін ұйым, жұмыс берушілер және оқушы арасында «Халықты жұмыспен қамту туарлы» Заңның 7-бабы 26-тармағына сәйкес әлеуметтік келісімшарт жасалады.

25. Жұмыс беруші оқуды аяқтаған адаммен оның өтінімі бойынша еңбек шартын жасасады.

26. Жұмыс берушінің әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерді орындауына мониторингті халықты жұмыспен қамту орталығы және оқытатын ұйым жүзеге асырады.

Оқытатын ұйымдардың әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерді орындауына мониторингті халықты жұмыспен қамту орталығы және жұмыс берушілер жүзеге асырады.

Оқушының әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерді орындауына мониторингті халықты жұмыспен қамту орталығы, оқытатын ұйым және жұмыс беруші жүзеге асырады.

27. Бағдарламаның 63-тармағына сәйкес оқушы қорытынды аттестаттауды және біліктілік емтихан тапсырмаған немесе жұмыс беруші мәлімдеген жұмыс орнына жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда, төленген материалдық көмек және стипендия сомаларын қоса алғанда, іс жүзіндегі оқыту шығыстарын мемлекеттік бюджетке ерікті түрде, бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен қайтарады.

Ал жұмыс беруші Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа қабылдаудан бас тартқан жағдайда, заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған; жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндірістердің, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі азайған жағдайларды қоспағанда, төленген материалдық көмек және стипендия сомаларын қоса алғанда, іс жүзіндегі оқыту шығыстарын мемлекеттік бюджетке ерікті түрде қайтарады.

28. Шығыстар:

1) оқушылар басқа тұрақты жұмысқа орналасқан, әскер қызметіне шақырылған, сот шешімі бойынша бас бостандығынан айрылған, қайтыс болған, жүкті болған, баланың күтіміне байланысты демалыста болған, сондай-ақ оқу бағдарламасын толық көлемде игеруге мүмкіндік бермейтін ұзақ емдеуді қажет ететін аурумен ауырған жағдайларда;

2) жұмыс берушілер жұмыс беруші – заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, сондай-ақ төтенше жағдайларда немесе өрт, жер сілкіну, су тасқыны, апаттық құбылыстар және әскери әрекеттер сияқты күшпен еңсеруге келмейтін (форс-мажорлық) өзге жағдайларда қайтарылмайды.

29. Оқушыларды кәсіптік оқытуды халықты жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген тәртіппен өңірлік комиссия бекіткен тізбеден оқушылар жұмыс берушілермен бірлесіп таңдаған оқу орталықтарында ұйымдастырады.

30. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту ұзақтығы оқу бағдарламасының мазмұнына қарай белгіленеді және:

1) кәсіптік даярлау жүргізу кезінде – он екі айдан;

2) қайта даярлау кезінде – алты айдан;

3) біліктілікті арттыру кезінде – үш айдан аспауға тиіс.

31. Кәсіптік оқытудан өтетін оқушыларға техникалық және орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттер үшін «білім беру туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Білім беру туралы» Заң) 47-бабы 7-тармағында белгіленген мөлшерде стипендия ұсынылады.

32. Оқушыларды аралық және қорытынды аттестаттауды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган, халықты жұмыспен қамту орталығы және жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен оқытатын ұйым жүзеге асырады.

Бағдарламаға қатысушыларды қорытынды аттестаттау кәсіптік даярлық деңгейін бағалауды (бұдан әрі – КДДБ) қамтиды. Игеретін кәсібіне қарай КДДБ арнайы пәндер бойынша біліктілік емтихандарын тапсыруды (жазбаша тестілер) және біліктілік (сынақ) жұмысын орындауды (практикалық тест) көздейді.

КДДБ өткізу үшін тәуелсіз біліктілік комиссиясы құрылады.

КДДБ бойынша біліктілік емтиханынан өткен адамдарға біліктілікті беру туралы куәлік (сертификат) беріледі.

33. Адамдар өздігінен, дәлелсіз себептермен оқуын тоқтатса, халықты жұмыспен қамту орталығында қайта тіркелген күннен бастап үш жыл өткен соң оқуға қайта жіберіледі.

34. Оқушылар, жұмыс берушілер, оқытатын ұйымдар, білім беру курстарын ұйымдастыру үшін іріктелген заңды және (немесе) жеке тұлғалар туралы мәліметтер әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне орналастырылады.

 

 

2-параграф. Кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының тізбесін айқындау

 

35. Өңірлік комиссия білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның  және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалының ұсыныстары негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мамандықтар (кәсіптер) бөлінісінде оқу құнын көрсете отырып, сол өңірдің аумағындағы және Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріндегі кәсіптік оқуды жүзеге асыратын оқыту ұйымдарының тізбесін (бұдан әрі – тізбе) бекітеді.

Тізбе жыл ішінде қажеттілігіне қарай жаңартылады.

36. Оқытатын ұйымдарды кәсіптік оқытуды жүзеге асыру үшін тізбеге енгізу:

1) оқушылардың өндірістік практикасын кадрларды даярлаудың дуальді моделінің қағидаттарына сәйкес ұйымдастырған;

2) өткен жылғы бітірушілердің кемінде 60 %-ын жұмысқа орналастырылған жағдайда жүзеге асырылады. Жұмысқа орналастырылғандардың саны әскери қызметке шақырылған, жоғары оқу орындарында оқуды жалғастырушы, қайтыс болған, сот шешімі бойынша бас ботандығынан айырылған, жүктілік және туу, бала күтімі бойынша демалыстағы, республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдарды ескермей есептеледі.

36-тармақтың 2) тармақшасының талаптары кемінде күнтізбелік бір жыл бұрын ашылған (құрылған) білім беру ұйымдарына және оқу орталықтарына қолданылмайды.

37. Бағдарламаның 62-тармағына сәйкес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кәсіптік оқыту құнын өңірлік комиссиямен келісу бойынша білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандық пен біліктілік деңгейіне байланысты білім беру процесіне арналған шығыстарды негізге ала отырып, жыл сайын белгілейді.

Оқу орталықтарында кәсіптік оқытудың құнын халықты жұмыспен қамту орталығымен, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдармен және өңірлік комиссиямен келісу бойынша оқу орталығы айқындайды.

Оқу орталықтары кәсіптік оқыту жүргізу қызметтері құнының есептерін жасайды және халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді. Халықты жұмыспен қамту орталықтары үш жұмыс күні ішінде кәсіптік оқыту қызметтері құнының есептерін білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жібереді.

Кәсіптік оқыту қызметтерінің құнын қарау кезінде білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар мынадай негізгі критерийлерді:

1) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандығы мен біліктілік деңгейіне қарай білім беру процесіне арналған шығыстарды;

2) бір Бағдарламаға қатысушыны оқытуға арналған шығыстардың орташа құнын басшылыққа алады.

Оқу құнының есептері негізді деп танылған жағдайда, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 35-тармағына сәйкес өңірлік комиссияларға оқу орталығын тізбеге енгізу туралы тиісті қорытындыны жібереді.

Оқу құнының есептері негізсіз деп танылған жағдайда, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар оқу құны есептерінің негізделмегендігі туралы қорытындыны (еркін нысанда) үш жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың оқу құны есептерінің негізделмегендігі туралы қорытындыны үш жұмыс күні ішінде оқу орталықтарына жібереді.

Оқу құнының есептерін білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның қорытындысында баяндалған талаптарға сәйкес келтірген жағдайда кейінгілері өңірлік комиссияларға қорытындыда баяндалған талаптарға сәйкес келтірілген оқу құнының есептеулерін қоса отырып, оқу орталығын тізбеге енгізу туралы ұсыныс енгізеді.

38. Кәсіптік оқыту оқу орталықтарында КДДБ бойынша біліктілік емтиханынан өткен адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік (сертификат) (еркін нысанда) беру шарттарында немесе «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және біліктілік беру ғылыми-әдістемелік орталығы» акционерлік қоғамында куәлік (сертификат) алуға жәрдем көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

Техникалық және кәсіптік, жоғары білімнен кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында кәсіптік даярлаудан өткен және қорытынды аттестаттаудан өткен адамдарға нақты мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің белгіленген деңгейі (разряд, класс, санат) тағайындалады және «Білім беру туралы» Заңның 3-тармағына сәйкес білім туралы құжат беріледі.

39. Кәсіптік оқыту жұмыс берушілермен келісу бойынша оқушылар өңірлік комиссия бекіткен тізбеден таңдаған оқытатын ұйымдарда жүзеге асырылады.

Өңірде (облыста, Астана және Алматы қалаларында) оқушы жұмыс берушімен келісім бойынша таңдаған мамандық (кәсіп) бойынша кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын оқытатын ұйым болмаған жағдайда, кәсіптік оқыту басқа өңірлерде орналасқан және басқа өңірдің тізбесіне қосылған оқытатын ұйымдарда жүзеге асырылады.

40. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары есепті айдан кейінгі әр айдың 5-күніне халықты жұмыспен қамту орталықтарына оқудан шығарылған адамдар туралы ақпаратты және оқитындардың сабаққа келуін есепке алу табелінің көшірмесін ұсынады.

 

 

3-параграф. Қысқа мерзімді тегін курстарға жіберу

 

41. Қызмет көрсету саласында кадрларды оқыту бойынша тегін қысқа мерзімді курстарға жіберу әкімшілік бірлік аумағында қызмет ететін кәсіпорындарда жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды және еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды көздейді.

Бағдарламаның 67-тармағына сәйкес оқыту шеберлік сыныптары жергілікті атқарушы орган құрған арнайы ұйымда (бұдан әрі – Ұйым) халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, ұзақтығы екі айдан аспайтын мерзімге ұйымдастырылады.

Оқыту шеберлік сыныптарын ұйымдастыру жөніндегі шараларды қаржыландыру Ұйым арқылы жүргізіледі.

Оқыту шеберлік сыныптары практикалық дағдыларды қолданумен жүргізіледі.

42. Ұйым оқыту шеберлік сыныптарын өткізу үшін мынадай:

1) курс өткізетін мамандық бойынша 5 жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы;

2) тиісті мамандық бойынша білімі туралы құжаттың болуы талаптарына сай келетін практикалық жұмыс дағдысы бар жоғары білікті мамандарды, оның ішінде табысты еңбек өтілі бар жоғары білікті шетелдік мамандарды тартады.

43. Ұйым бағыттарын, оқыту шеберлік сыныптарын өткізу тақырыбын және қызмет көрсету үшін қажетті мамандардың санына қажеттілікті Ұйым халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп айқындайды және оны аудандық (қалалық) комиссия бекітеді.

44. Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық қатарынан оқыту шеберлік сыныптарынан өтуді қалайтын адамдардың санын әлеуетті қатысушылармен және жұмыс берушілермен сұхбаттасуды, әлеуметтік кәсіптік бағдарлау нәтижелерін, кәсіптік оқудан өткен адамдардың болуын ескере отырып халықты жұмыспен қамту орталығы айқындайды.

Жалдамалы жұмыскерлер қатарынан оқыту шеберлік сыныптарынан өтуді қалайтын адамдардың санын Ұйым айқындайды.

45. Халықты жұмыспен қамту орталығы ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізеді, сондай-ақ Ұйыммен бірлесіп:

1) оқыту шеберлік сыныптарынан өтуге (белгілі бір дағдыларға практикалық оқуға) мұқтаж адамдардың тізбесін қалыптастырады, практикалық курстардың бағыттары бойынша үміткерлерді топқа бөледі;

2) базасында оқыту шеберлік сыныптары ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесін қалыптастырады;

3) 25 адамнан тұратын топтар және оқыту шеберлік сыныптарын ұйымдастыру кестесін құрайды;

4) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 7-бабы 26-тармағына сәйкес Бағдарламаға қатысушымен әлеуметтік келісімшарт жасасады және оны орындау мониторингін жүргізеді.

46. Ұйым:

1) оқыту шеберлік сыныптарын өткізетін мамандарды таңдауды қамтамасыз етеді;

2) халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп қаржылай қаражаттарға жылдық қажеттілікті айқындайды;

3) қызмет көрсету саласы үшін кадрларды кәсіптік оқыту бойынша қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізімін және қажетті мамандардың санын ұсынады;

4) тартатын мамандардың және қажет болған кезде аудармашылардың қызметтеріне еңбекақы төлеуді қамтамасыз етеді;

5) өндірісте (жұмыс орнында) жұмыс берушілермен бірлесіп, оқыту шеберлік сыныптарының өтуін ұйымдастырады;

6) ай сайын айдың 3-күніне қарай халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыстардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынады.

Оқыту шеберлік сыныптары заманауи жабдықтармен, технологиялармен жарақтандырылған қажетті материалдық техникалық базасы бар жұмыс берушілерде өткізіледі.

47. Оқыту шеберлік сыныптарына жіберілген адамдарға жол жүруге, тұруға, стипендияға шығыстарды төлеу жүргізілмейді.

 

 

4-параграф. Кәсіптік оқытуға мемлекеттік гранттар беру

 

48. Жұмыс берушілерге мемлекеттік гранттар өнеркәсіп салаларына жататын кәсіпорындардың ішінара жұмыспен қамтылған білікті жұмыскерлерін толық емес жұмыс уақыты режиміне ауыстыру шартымен олардың қысқаруына жол бермеу мақсатында біліктілік арттыруға және қайта даярлауға жіберу үшін өтемсіз және қайтарымсыз негізде беріледі.

Мемлекеттік гранттарды беру жұмыскерлерінің жұмыстан босатылу және жұмыс орындарының қысқару қаупі бар кәсіпорындарда жүзеге асырылады.

Біліктілік арттыруға және қайта даярлауға жіберген кезде ішінара жұмыспен қамтылған білікті жұмыскерлердің жұмыс орындары сақталады.

49. Бағдарламаның 64-1-тармағына сәйкес оқушыға гранттар стипендия және материалдық көмек төлеуге жұмсалған шығыстарды ескергенде, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандыққа және біліктілік деңгейіне қарай оқу процесі шығыстарын есептей келе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар белгілеген біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарының құнынан жұмыс берушілердің бір адамға кететін шығынының 80 %-ы, бірақ 100 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде беріледі.

50. Жұмыс берушілерге мемлекеттік гранттар беру туралы шешімді өңірлік комиссия қабылдайды.

51. Бекітілген тізімнен біліктілік арттыру және қайта даярлау бойынша курстарды ұйымдастыру жөніндегі білім беру ұйымдарын іріктеуді жұмыс берушілер өз бетінше жүзеге асырады.

52. Жұмыс берушілер білікті жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға мемлекеттік гранттар алуға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына өтінім береді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары берілген өтінімдерге сәйкес кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін мемлекеттік гранттар беру үшін жұмыс берушілерді іріктеуді жүргізеді.

53. Гранттар нысанында қолдау шараларын қаржыландыру нысаналы трансферттерді аудару арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

54. Мемлекеттік гранттар беру жұмыс берушілер жұмыскердің қысқа мерзімді курстан өту фактісін растайтын құжаттарды ұсынған кезде халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жүзеге асырылады.

Бағдарламаның 64-1-тармағына сәйкес халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілер оқытатын ұйымдарда оқу құны қаражатының 20 %-ын аударуды жүзеге асырған кезде біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарының құнынан 80 % мөлшерінде мемлекеттік гранттарды білім беру ұйымдарына не жұмыс берушілер ұйымдарының жанындағы білім беру қызметіне құқығы бар оқу орталықтарына аударуды жүзеге асырады.

55. Мемлекеттік гранттар берумен біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген Бағдарламаға қатысушылармен «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 7-бабы 26-тармағына сәйкес әлеуметтік келісімшарт жасалады.

Бағдарламаның 69-тармағы 4) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші мен оқытатын ұйым әлеуметтік келісімшарт жасалғанын әлеуметтік келісімшартқа халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қосылу туралы жазбаша өтініш (хабарлама) (еркін нысанда) беру арқылы растайды.

 

 

 

 

 

 

5-параграф. Оқушыларға (оқу орнына дейін және қайтарында жол жүруіне және жатақханада тұруына немесе тұрғын үйді жалдаумен (жалға алумен) байланысты шығындарды өтеуге) субсидиялар беру

 

56. Оқытатын ұйым тұрақты тұратын орнынан тыс елді мекендерде орналасқан жағдайда кәсіптік оқудан өтіп жатқан Бағдарламаға қатысушыларға:

1) оқытудың барлық кезеңіне оқу орнына дейін және кері бағытта жол жүруге:

облыс шегінде, бірақ оқушылардың тұрақты тұратын елді мекендерінен тыс жерде орналасқан оқытатын ұйымдарда оқыған кезде кәсіптік даярлаудан өту үшін 4 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өту үшін 2 АЕК мөлшерінде;

оқушылар тұрақты тұратын орындар облысының шегінен тыс елді мекендерде орналасқан оқытатын ұйымдарда оқыған кезде:

1000 км дейінгі ара қашықтыққа – 8 АЕК мөлшерінде;

1000 км асатын ара қашықтыққа – 12 АЕК мөлшерінде;

2) облыстарда тұруына ай сайын 10 АЕК мөлшерінде, Астана, Алматы қалаларында, Атырау және Маңғыстау облыстарында тұруына 15 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі.

Материалдық көмек шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынусыз төленеді.

Өндірістен қол үзіп қайта даярлаудан немесе біліктілігін арттырудан өту кезінде (ішінара жұмыспен қамтылған) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндердің қатарындағы оқушыға жоғарыда аталған мөлшерде материалдық көмек ай сайын төленеді.

 

 

6-параграф. Қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті жұмыскерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау

 

57. Қысқартылған жұмыс уақыты үшін республикалық және өңірлік деңгейдегі кәсіпорындардың білікті жұмыскерлерінің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау (бұдан әрі – уақытша субсидиялау) олардың жұмыс орнын қысқартуды болдырмау мақсатында жалақының жоғалтылған бөлігінің орнын толтыру үшін жүзеге асырылады.

Уақытша субсидиялау республикалық және өңірлік деңгейдегі кәсіпорындардың жұмыскерлері үшін жүзеге асырылады.

58. Бағдарламаның 65-1-тармағына сәйкес білікті жұмыскерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау үшін республикалық деңгейдегі кәсіпорындардың тізбесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бағдарламаны іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) қарастырады және келіседі.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган ВАК-та мақұлданған білікті жұмыскерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау үшін республикалық деңгейдегі кәсіпорындар тізбесін бекітеді.

59. Өңірлік комиссия уақытша субсидиялау үшін өңірлік деңгейдегі кәсіпорындарды қарастырады және келіседі.

Бұл ретте өңірлік деңгейдегі кәсіпорындарды уақытша субсидиялау үшін шарттар тиісті жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша белгіленеді.

Жергілікті атқарушы органдар уақытша субсидиялау үшін өңірлік деңгейдегі кәсіпорындардың тізбесін бекітеді.

60. Өндіріс көлемі немесе бағалардың әлемдік конъюнктурасына байланысты өнім бағасы төмендеген жағдайда және кәсіпорын мынадай:

1) қала құраушы кәсіпорын болуы;

2) экспортқа шығарылатын тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) үлесі осы кәсіпорын өндіретін тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) жалпы көлемінің кемінде 30%-ын құрауы;

3) ішкі нарыққа шығарылатын тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) үлесі облыстық көлемнің кемінде 30%-ын немесе республика бойынша осы тауарлар (көрсетілетін қызметтер) көлемінің кемінде 10%-ын құрауы сияқты шарттардың біріне сәйкес келген жағдайда, республикалық деңгейдегі кәсіпорындардың қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті жұмыскерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау жұмыскерлерінің саны 250 адамнан кем болмайтын өнеркәсіп салаларына жататын кәсіпорындардың жұмыскерлеріне ғана жүргізіледі.

Уақытша субсидиялау бойынша мемлекеттік шара қолданылған жағдайда, кәсіпорын өндірістің тоқтатылуына жол бермейді және субсидиялау басталған сәттен бастап бір жыл ішінде көрсетілген білікті жұмыскерлердің қолданыстағы жұмыс орындарын сақтайды.

61. Уақытша субсидиялау білікті мамандар, қызметшілер және жұмысшылар (4-разрядты және одан жоғары) қатарындағы негізгі өндірістерде (цехтарда) жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін ғана жүзеге асырылады.

Біліктілігі жоғары жұмыскерлерге (кәсіби мамандарға) инженерлік-техникалық ғылым саласында, біліктілік арттырудан өтудің практикалық білімдерінің жоғары деңгейі және тәжірибесі бар, жауапты, жұмысты сапалы және тиімді орындау, олардың қиын жұмыстарды өз бетінше орындау, бірқатар жағдайларда басқа мамандарға басшылық ету қабілеті бар мамандар:

1) жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар қызметшілер;

2) өнім өндіру және салалар бойынша қызмет көрсету үшін білімі мен тәжірибесі бар жұмысшылар, қиын жұмыстарды жүзеге асыру, автоматтандырылған өндірісте машиналар мен жабдыртарды басқару және бақылау үшін өндірістік процесте пайдаланылатын материалдар мен құралдарды білумен қатар қолмен жасалатын операцияларды орындау кезіндегі шеберлігі бар жұмысшылар жатады.

Бұл ретте, аталған адамдарға толық емес жұмыс уақыты режиміне ауысу немесе қысқартылған жұмыс уақыты туралы жұмыс берушілердің актілері беріледі.

62. Субсидиялау басталған сәттен бастап бір жыл ішінде жұмыс берушілер жұмыс орындарын сақтаған жағдайда, жұмыскерлер жалақысының бір бөлігін уақытша субсидиялау алты ай ішінде, тағы да келесі алты айға ұзарту мүмкіндігімен жүзеге асырылады.

63. Мемлекет жұмыскерлердің жалақысы бөлігінде уақытша субсидиялауды жұмыс уақытын қысқарту нәтижесінде жоғалтылған табыс бөлігінде ғана жүргізеді.

64. Уақытша субсидиялаудың айлық мөлшері қысқартылған жұмыс уақыты үшін жұмыскерлер табысының үштен екі бөлігін құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып), бірақ тиісті кезең үшін республикалық бюджет туралы заңнамада белгіленген 2 ең төменгі жалақыдан аспайды.

65. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы:

1) осы тармақтың шарттарына сәйкес «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарымен, кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті дамыту жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, республикалық деңгейде уақытша субсидиялау үшін кәсіпорындардың тізбесін, жергілікті атқарушы органдар айындаған шарттарда өңірлік деңгейде субсидиялау үшін кәсіпорындардың тізбесін айқындайды;

2) білікті жұмыскерлер, негізгі өнірісте, цехта жұмыс істейтін қызметшілер мен білікті жұмысшылар қатарынан қысқару қауіпі бар уақытша субсидиялауға жататын жұмыскерлердің санын айқындайды;

3) «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарымен бірлесіп, кәсіпорындардың тізбесін, жұмыскерлердің санын және уақытша субсидиялауға шығыстардың сомасын қалыптастырады;

4) республикалық және өңірлік деңгейде уақытша субсидиялау үшін кәсіпорындарды бөледі;

5) ВАК-тың қарауына енгізу үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға кәсіпорындардың тізбесін, жұмыскерлердің санын және республикалық деңгейде жұмыскерлерді уақытша субсидиялауды ұйымдастыру үшін шығыстарды шығарады;

6) өңірлік комиссияда келісуге және бекітуге кәсіпорындардың тізбесін, жұмыскерлердің санын және өңірлік деңгейде жұмыскерлерді уақытша субсидиялауды ұйымдастыру үшін шығыстарды шығарады;

7) ВАК-пен келіскеннен кейін не өңірлік комиссия бекіткеннен кейін уақытша субсидияланатын қызметерлер санымен кәсіпорындардың тізімін халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді.

66. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган кәсіпорындардың тізбесін, жұмыскерлердің санын және республикалық деңгейде жұмыскерлерді уақытша субсидиялауды ұйымдастыру үшін шығыстарды қарастыру және келісу бойынша ұсыныстарды МВК-ға шығарады.

67. ВАК республикалық деңгейде жұмыскерлерді уақытша субсидиялау үшін кәсіпорындардың тізбесін, сондай-ақ өңірлер арасында қаржыландыруға қаражатты бөлуді қарайды және келіседі.

68. Өңірлік комиссия өңірлік деңгейде жұмыскерлерді уақытша субсидиялау үшін кәсіпорындардың тізбесін, сондай-ақ кәсіпорындар арасында қаржыландыруға қаражатты бөлуді қарайды және келіседі.

69. Жұмыскерлердің жалақысы бөлігіндегі уақытша субсидиялауды халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.

70. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

1) уақытша субсидиялау мәселелері жөнінде жұмыс берушілерге консультация береді;

2) өнеркәсіп саласына жататын кәсіпорындардан уақытша субсидиялауға өтінім жинауды жүзеге асырады;

3) уақытша субсидияланатын жұмыскерлердің тізімдерін қалыптастырады.

71. Жұмыскерлерді уақытша субсидиялау үшін іріктелген кәсіпорындар халықты жұмыспен қамту орталықтарына мекенжайы бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша субсидиялауға жататын жұмыскерлердің тізімдерін ұсынады.

Жұмыскерлердің ұсынылған тізімдері үш жұмыс күні ішінде бірыңғай тізбеге жинақталады.

72. Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес Бағдарламаға қатысушымен халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша мамандығы, жалақысының мөлшері, субсидиялау сомасы, шарттың жарамдылық мерзімі және еңбек шарты бұзылған жағдайда тараптардың міндеттері көрсетілген және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жұмыс берушілер қосылатын әлеуметтік келісімшарт жасасады.

73. Республикалық деңгейде қызметкерлерді уақытша субсидиялау үшін кәсіпорындарды қаржыландыру Бағдарламаны іске асыруға бөлінген қаражаттар шегінде республикалық бюджет есебінен жүргізіледі.

Өңірлік деңгейде қызметкерлерді уақытша субсидиялау үшін кәсіпорындарды қаржыландыру жергілікті бюджет немесе Қазақстан Республикасның заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражаттардың есебінен жүргізіледі.

Қаржыландыруды халықты жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлермен жасалған әлеуметтік келісімшарттардың негізінде ай сайын қаржыландырудың бекітілген жоспарларына сәйкес және осы мақсатқа көзделген сомалар шегінде жүзеге асырады.

74. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілер ұсынған жұмыс уақыты табелінің негізінде ай сайын еңбек шартында белгіленген мөлшерге қарай іс жүзінде істелген жұмысы үшін қызметкердің дербес (карточкалық) шотына субсидиялау сомасын аударуды жүргізеді.

Жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкермен еңбек шартын мерзімінен бұрын (6 айға дейін) бұзған кезде, жұмыс берушілер осы қызметкерді уақытша субсидиялауға жұмсалған мемлекеттің барлық шығындарын бюджетке қайтарады.

75. Халықты жұмыспен қамту орталығы үш жақты әлеуметтік шартты сақтау мониторингін жүргізеді.

76. Халықты жұмыспен қамту орталығы есепті айдан кейінгі айдың 5-іне қарай ай сайын жұмыс берушілер ұсынған есептердің негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органына мынадай мәліметтер:

1) уақытша субсидияланатын қызметкерлердің саны туралы;

2) субсидиялаудың орташа айлық мөлшері туралы;

3) шарттың (әлеуметтік келісімшарттың) талаптарын бұзу фактілері туралы көрсетілген есепті ұсынады.

 

 

7-параграф. Кәсіптік оқытуды аяқтаған адамдарға

жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

 

77. Халықты жұмыспен қамту орталықтары кәсіптік білімі болған не кәсіптік оқуды аяқтаған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін деректер қорында бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға осы Қағидаларға            6-қосымшаға сәйкес жолдама беру арқылы жәрдемдеседі.

Бағдарламаға қатысуға үміткерлер іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналасу үшін тұрақты тұратын ауданның, қаланың халықты жұмыспен қамту орталықтарына қажетті құжаттардың көшірмесін қоса беріп, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

78. Халықты жұмыспен қамту орталықтары оқушыларды жұмысқа орналастыру жөніндегі жұмыстарды өз бетінше не қолданыстағы мемлекеттік сатып алу және (немесе) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңнамаларға сәйкес жеке жұмыспен қамту агенттіктерін және (немесе) үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы жүргізеді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары халықтың осал топтарына арнаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыс орындарын кеңейту мақсатында үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

79. Жұмысқа орналастырылуға тиіс адамдардың тізімін халықты жұмыспен қамту орталықтары оқытуды аяқтаған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін үкіметтік емес ұйымдарға, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне ұсынады.

80. Үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттіктері есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне қарай жұмысқа орналастыру үшін адамдардың тізімін жіберген халықты жұмыспен қамту орталықтарына жұмысқа орналастырылғандар, кәсіпорындар (ұйымдар), мамандықтар (кәсіптер), жұмысқа орналастырылғанның орташа жалақысы туралы ақпаратты ай сайын ұсынады.

81. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысқа орналастырудың жеке картасында оқушыларды жұмысқа орналастыру және кәсіптік оқытуды аяқтағаннан кейін (мерзімі біткенге дейін) тұрақты жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтерді көрсетеді.

82. Жұмысқа орналастырылған адамдар туралы мәліметтер       әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне орналастырылады.

 

 

3-бөлім. Кәсіптік оқытуға бағытталған шараларды

қаржыландыру және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу

 

83. Мемлекеттік қолдау шарасын қаржыландыру мемлекеттік бюджет есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қолдау шараларын республикалық бюджеттен қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қолдау шараларын жергілікті бюджеттен қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган арқылы жүзеге асырылады.

84. Кәсіптік оқыту ақысын, стипендияны, жол жүруге және тұруға материалдық көмекті, қысқа мерзімді курстарды төлеу мақсатында оқушыға ұсынылатын мемлекеттік қолдауды қаржылық қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ мемлекеттік гранттар беруге және қысқартылған жұмыс уақыты үшін республикалық деңгейдегі кәсіпорындардың білікті жұмысшыларының жоғалтқан табысының үштен екісін субсидиялауға республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттер бөлінеді.

85. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға оқитындардың санын, оқыту құнын және мерзімдерін және қысқартылған уақыт үшін өңірлік деңгейдегі кәсіпорындардың білікті жұмыскерлерінің жоғатылған табысының үштен екісін субсидиялауға болжанатын шығындарды көрсете отырып, бюджеттік өтінім жібереді.

86. Қаржыландырудың жеке жоспарлары негізінде білім беру саласындағы уәкілетті орган, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бюджет заңнамасына сәйкес тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды жүргізеді.

87. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кәсіптік оқытуға, оның ішінде бұрын кәсіптік оқуға қабылданған адамдардың оқуын аяқтауға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану оқытатын ұйымдармен жасалған шарттар негізінде, ал жалақының үштен екі бөлігін субсидиялау жұмыс берушілермен жасалған шарттар негізінде және олар жасаған шығындарды растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

88. Оқушыларды, сондай-ақ бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқытатын ұйымдарға кәсіптік оқуға қабылданған адамдарды кәсіптік даярлауды қаржыландыру техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес оқуды толық аяқтау мерзіміне дейін жыл сайын жүзеге асырылады.

89. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жылына екі рет халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға, білім беру саласындағы уәкілетті органға кәсіптік оқыту жөніндегі мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру туралы есептер ұсынады.

Кәсіптік оқытуды

ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына

1-қосымша

 

__________________ ауданының

(қаласының) Халықты жұмыспен

қамту орталығының директорына

_____________________________

мекенжайы бойынша тұратын

_____________________________

Нысан

 

ӨТІНІШ

 

Мені ______________________________________ бағдарламасы бойынша

                                                           (Бағдарламаның атауы)

кәсіптік оқытуға жіберуіңізді сұраймын.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1)    жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);

3) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (кәсіптік оқытуға жолдама берілгенге дейін ұсынылады);

4) білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ бар болса, оқудан өткенін растайтын басқа да құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері;

5) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер бұдан басқа жұмыс берушінің толық емес жұмыс уақыты немесе ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты режиміне ауыстыру немесе жалақысы сақталмайтын демалыс не бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыс беру туралы немесе мәжбүрлі тоқтап туралы актісі.

Оң шешім қабылданған жағдайда, әлеуметтік келісімшартқа қол қоюға міндеттенемін.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтау мен өңдеуге келісім беремін.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.

 

_____________                                                      _____________

Күні                                                                                  қолы

———————————————————————————————-
 (кесу сызығы)

Азамат (ша) ________________________________________________ өтініші
20__ ж. ___ ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.

Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:________________________________________________________
___________________________________________________________________

_________________                                                                  ___________

Күні                                                                                           қолы

 

*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіптік оқытуды

ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына

2-қосымша

Нысан

_________________________ ауданының

(облыстық маңызы бар қаланың, астананың,

республикалық маңызы бар қаланың)

Халықты жұмыспен қамту орталығы

 

 

Оқушылардың құрамына

үміткерлерді қосу туралы бұйрық

 

      Күнi _____________ № _____                                  _____________ ауыл (қала)

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ___ болып тіркелген) бекітілген Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының     16-тармағына сәйкес үміткерлер, оның ішінде жұмыс беруші кәсіптік оқыту үшін іріктеп алғандар ұсынған құжаттарды қарап БҰЙЫРАМЫН:

1. Үміткер ______________________________________________________

                                        (үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_____________________________________________ оқытуды өткізетін ұйымға

   (оқытуды өткізетін ұйымның атауы көрсетілсін)

____________________________________________________________________

(оқушы алатын мамандық (кәсіп) немесе біліктілігін арттыру көрсетілсін)

алу үшін (біліктілігін арттыру үшін) _____________________ мерзімімен өтетін

    (оқу кезеңі)                                                             

кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға (қажеттісін белгілеңіз) жіберілсін.

2. Оқытатын ұйым тұрақты тұратын орнынан тыс елді мекендерде орналасқан жағдайда кәсіптік оқудан өтіп жатқан оқушыларға:

 

1) оқытудың барлық кезеңіне оқу орнына дейін және кері бағытта жол жүруге    __________________ теңге көлемінде;

2) тұруға   __________________ теңге көлемінде материалдық көмек берілсін.

 

Материалдық көмек ____________________________________________

___________________________________________________________________

(банктiң атауы, банктiң ЖСН, банктiң БИК, алушының дербес шотының немесе төлем карточкасының нөмiрi көрсетiледi)

аударылсын.

 

Халықты жұмыспен қамту

орталығының директоры     ______________________                    ________

                                                                 тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                                                            қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіптік оқытуды

ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына

3-қосымша

Нысан

Кәсіптік оқытуға

20__ жылғы __ __________ № ______ жолдама

 

Оқушы _________________________________________________________

(оқушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

___________ бастап ___________________ дейін _____________ ай мерзімге

__________________________________________________________ ұйымға

(кәсіптік оқытуды өткізетін ұйымның атауы) _______________________________________________________________

(оқушы алатын мамандықтың (кәсіптің)  атауы көрсетілсін)

      _______________________________________________________________

(кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға немесе біліктілік арттыруға)

 

жіберіледі.

 

Халықты жұмыспен қамту

орталығының директоры     ______________________                 ________

                                                                   тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                                                   қолы

 

Берілген күні___________________

 

М.О.

————————————————————————————————–

(кесу сызығы)

 

Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады.

 

Кәсіптік оқытуға № ______ жолдамаға хабарлама

 

______________________________________________________________

(оқытуды өткізетін ұйым)

       ______________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

кәсіптік оқытуға қабылданғаны туралы 20__ жылғы_________ № ___ бұйрыққа сәйкес ___________ бастап_________________дейін ______ ай дейінгі мерзімге

____________________________________________________________________

(кәсіп/мамандық атауы)

кәсіптік оқытуға қабылданды.

 

Жауапты өкіл                                     ______________________________________

                                                            тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 

 

қолдың таратылып жазылуы                              ______________

 

М.О. (бар болса)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіптік оқытуды

ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына

4-қосымша

Нысан

_________________________ ауданының

(облыстық маңызы бар қаланың, астананың,

республикалық маңызы бар қаланың)

Халықты жұмыспен қамту орталығы

Білікті жұмыскерлердің біліктілік арттыруына және оларды қайта даярлауға мемлекеттік гранттар алуға

ӨТІНІМ

 

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жеке басын куәландыратын құжаттың №, берілген күні

ЖСН

Туған күні

Еңбек шартының нөмірі және күні

Лауазымы, кәсібі (мамандығы)

1

2

3

4

5

6

7

1

           

2

           

3

           

4

           
  Жиыны:          

      кестенің жалғасы

 

Біліктілігі, разряды

Шарт бойынша жалақысының мөлшері

Толық емес жұмыс уақыты режиміне ауыстыру туралы бұйрықтың нөмірі және күні

Оқу үшін жұмыс беруші тарапынан төленген ақы мөлшері (оқу құнының кемінде 20 %-ы)

8

9

10

11

       
       
       
       

Басшы ______________________

қолдың таратылып жазылуы

 

 

Бас бухгалтер ______________

қолдың таратылып жазылуы

 

 

М.О. (бар болса)

———————————————————————————————–

(кесу сызығы)

Жұмыс беруші ________________________________________________ өтініші 20__ ж. ___ ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.

құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне жұмыс беруші жауапты болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                               Кәсіптік оқытуды

ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына

5-қосымша

Нысан

_________________________ ауданының

(облыстық маңызы бар қаланың, астананың,

республикалық маңызы бар қаланың)
Халықты жұмыспен қамту орталығы

 

Қысқарған жұмыс уақыты үшін жоғалтқан

табысының үштен екі бөлігін уақытша

субсидиялау үшін өтінім

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________ (жұмыс берушінің толық атауы, мекенжайы, БСН (ЖСН), байланысушы адам және телефондар)

р/с №

Т.А.Ә.
(толығымен)

Жеке басты куәландыратын құжаттың №, берілген күні

ЖСН

туған күні

еңбек шартының нөмірі мен күні

лауазымы, кәсібі (мамандығы)

 

2

3

4

5

6

7

     
     
     
     
Жиыны:    

 

Кестенің жалғасы

Біліктілігі, разряды

Шарт бойынша жалақы мөлшері

Айына істелетін жұмыс сағатының саны

Қызмет көрсету банкі

Карталық немесе ағымдағы № 20 мән

Бюджеттен субсидиялауға жатады, теңге

8

9

10

11

12

13

 

 
 
 

 

Басшы ______________________

қолдың таратылып жазылуы

 

 

Бас бухгалтер ______________

қолдың таратылып жазылуы

 

 

М.О. (бар болса)

———————————————————————————————–

(кесу сызығы)

Жұмыс беруші ________________________________________________ өтініші 20__ ж. ___ ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.

Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________

_________________                                                                  ___________

Күні                                                                                           қолы

 

*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне жұмыс беруші жауапты болады.

 

 

Кәсіптік оқытуды

ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына

6-қосымша

Нысан

Оқушыны жұмысқа орналастыруға

№ ______ жолдама

 

 

Оқушы ________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

20___ жылғы ___________ бастап 20___ жылғы ______________ дейін ______ ай мерзімге (уақытша жұмыстарға жұмысқа орналасқан кезде толтырылады) тұрақты жұмысқа/мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аймақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға, сондай-ақ жеке бастамалар шеңберінде бос жұмыс орнына (әлеуметтік жұмыс орнына/жастар практикасына) орналасу үшін _____________________________________________________________ ұйымға

(жұмыс берушінің атауы, мекенжайы, байланыс телефоны)

___________________________________________________________________

(кәсіп/мамандық атауы)

мамандығы (кәсібі) бойынша жіберіледі.

 

 

Халықты жұмыспен қамту

орталығының директоры     ______________________          ________

                                                                 тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                                        қолы

 

Берілген күні __________________

 

М.О.

————————————————————————————————-

(кесу сызығы)

 

Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады.

 

 

 

Кәсіптік оқытуға № ______ жолдамаға хабарлама

 

______________________________________________________________

(жұмыс берушінің атауы)

       ______________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

20__ жылғы ________________ жасалған еңбек шартына сәйкес (20__ жылғы_________ № ___ бұйрық) 20__ жылғы _________________ дейін ______ ай дейінгі мерзімге ___________________________________________________

                               (мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламаларының атауы)

________________________________________________________________________________                                                  (кәсіп/мамандық атауы)

ретінде тұрақты жұмысқа/ бос жұмыс орындарына қабылданды.

(тұрақты жұмысқа қабылданған кезде толтырылмайды)

 

 

Жұмыс берушінің жауапты өкілі

______________________________________

                                                                        (қолдың таратылып жазылуы)

 

М.О. (бар болса)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                            Кәсіптік оқытуды

ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына

7-қосымша

Нысан

________________________ ауданының (қаласының)
халықты жұмыспен қамту орталығының директорына
____________________ мекенжайы бойынша тұратын
______________________________________________

ӨТІНІШ

 

Мені «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бағыты бойынша Бағдарламаға қатысушылар қатарына енгізуді сұраймын.

Қосымша ___ парақта:

жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелуді, уақытша тіркеу растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы, ауыл әкімдерінің анықтамасы) көшірмесі;

білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом) және/немесе оқудан өткенін растайтын құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері (бар болса).

Көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтау мен өңдеуге келісім беремін.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

 

 

*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.

 

Күні                                                                                                        қолы

———————————————————————————————–(кесу сызығы)

__________________________________________________ азаматтың өтініші 20__ жылғы __ _____ қабылданды, № _____ болып тіркелді.

Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:__________________________________________________ ____________________________________________________________________

 

*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.