Мемлекет есебінен жаңа мамандықты қалай алуға және жұмысқа орналасуға болады?

Егер Сіз жұмысқа орналаса алмасаңыз, егер Сіздің мамандығыңыз сұранысқа ие болмаса немесе арнаулы орта, жоғары біліміңіз болмаса, Сіз көмекке мемлекетке жүгіне аласыз.
⠀ ❓Кадрларды дайындау және қайта дайындау бойынша қандай мемлекеттік бағдарламалар бар?


❗ «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ жұмыссыз азаматтар үшін қысқа мерзімді кәсіби оқытуды ұйымдастырылды

БҮГІН еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмыссыз азаматтар үшін ақысыз курстарға қабылдау жүргізілуде:
1 .бухгалтер
2 .бухгалтер-сметашы
3 . мемлекеттік сатып алулар агенті
4 . 1С операторы
5 .сұлулық салоны әкімшісі
6 . маникюр бойынша мастер
7 . кірпік өсіру бойынша мастер
8 . шаштараз-үлгіші
9 . бет әрлеуші
10 . кондитер
11 . аспаз
12 . модельер-үлгіші
13 . қызметкерлермен жұмыс бойынша менеджер
14 . күзетші
15 . суретке түсіруші
16 . дизайнер-көркемдеуші  (Photoshop Coreldrew)
17 . трамвайдың жүргізушісі
18 . В категориясының жүргізушісі
19 . автомобиь жөндеу бойынша слесарь
20 . автомобилдік электр құрылғыларды жөндеу бойынша электрші
21 . электргаздәнекерлеуші
22 . электр құрылғыларға қызмет көрсету және жөндеу бойынша электрмонтер

Оқыту кезінде ай сайын шәкіртақы (16 759 теңге) төленеді. Оқыту жемісті аяқталғаннан кейін куәлік беріледі.


📌Хабарласу: Халықты жұмыспен қамту орталығы,
Тургенев көшесі 30, кабинет 305.
Анықтама телефоны: 29-33-67.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

eighteen + 20 =