«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») бағдарламасы аясында оқитын Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ және С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттерімен кездесу («Серпін»)

Бүгінгі күні жастар буынын дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Жастар –жаңа Қазақстанды құрушы, елдің болашағы.

Бүгінгі күні жас буын ел экономикасының негізі аграрлық сектор болып табылатындығына қарамастан мегаполистер мен қалаларда, өндіріс және коммерция саласында еңбек етіп, өмір сүруді қалайды.

«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы және Еңбек күшінің ұтқырлығын арттыру үшін тұлғаларды ерікті түрде қоныс аудару қаулысы аясында 2019 жылғы 7 ақпаннан 18 сәуір бойынша Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы мамандарымен Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ және С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттерімен кездесулер өткізілуде.

Кездесудегі басты тақырып – мобильді топтарды ұйымдастыру және жас мамандарды бөлу. Осындай кездесулердің мақсаты мобильді топтардың қызметтері, міндеттері, мақсаттары туралы түсіндіру жұмыстары болып табылады.

Студенттермен кездесу достық қарым-қатынас жағдайында өтті. Кездесулер барысында «Еңбек» бағдарламасы талқыланды, Шығыс бөлік білікті кадрларға мұқтаж, ал жас мамандар оңтүстікте тығыз қоныстанғандығы және өзінің кәсіби потенциалын жүзеге асыруды қажет ететіндігі анықталды. «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы ерікті қоныс аударушылардың толық қамтамасыз етуін көздейді. Жас тұлғалар осы бағдарлама аясында ерікті түрде қоныс аударуға қызығушылық танытты, Бағдарламаның мазмұнымен белсенді танысты және президенттің әрбір тапсырмасын талқылады.

Қорытындылай келе осындай кездесулер ЖОО-дарының болашақ түлектерін Ерікті түрде қоныс аудару қаулысымен таныстырып ғана қоймай, жас буында патриотизм рухы мен өз елінің экономикасын дамытуда қызығушылықты тәрбиелейді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

1 × five =