Назар аударыңыздар! Оралмандардың мəртебесін ұзартуына байланысты біржолғы акция өткізілуде !

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап елге этникалық қазақтарды қайтаруды ынталандыру саясатын өткізуде. Осы жылдарда тарихи отанына 1 миллионнан астам адам қайтып оралды. Әрекет ететін Заңнамаға сәйкес, оралман мәртебесі Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіпте алуға мүмкіндік береді. Алайда, түрлі себептерге байланысты 2019 жылдың басынан 15 мыңнан астам этникалық қазақтар (ҚР ІІМ деректері бойынша) оралман мәртебесінің аяқталуына байланысты осы құқықты пайдалана алмады.

Осыған байланысты, елде біржолғы акция өткізілуде, ол акцияның аясында осы санаттағы тұлғалар жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан азаматтығын алуға ішкі істер органына құжаттарын тапсыру және оралман мәртебесін ұзатуға жергілікті атқарушы органға жүгінуге құқылы. Акция 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

one × 5 =