Халықты жұмыспен қамту орталығы

Негізгі мақсат

Халықты жұмыспен қамту орталығы ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, сонымен қатар бюджет есебінен қаржыланатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын жүргізеді.

Халықты жұмыспен қамту орталығы халыққа келесі қызметтерді көрсетеді:

жұмыс іздеуші тұлға ретінде жүгінгендерді тіркейді;

әлеуметтік кәсіби бағдар бойынша қызметтер көрсетеді;

жұмыс іздеуші тұлғаларға жәрдемдесу және лайықты жұмыс іздеуде жұмыссыздарға жұмысқа орналасуға жолдама береді;

бос жұмыс орындарының есебін жүргізеді (бос жұмыс орындары);

жұмыссыздардың жұмыспен қамту жеке картасын жүргізеді;

еңбек делдалдығын көрсетеді;

ақысыз жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама береді;

Қазақстан Республикасы халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасымен көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге шараларын көрсетеді.

 

«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы – болашаққа үміт

 

Қаланың халықты жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру аясында жұмыс іздеуші тұлғаларға және жұмыссыздарға келесі мемлекеттік қолдау түрлерін көрсетеді:

Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, еңбекақы төлемі бөлігін субсидиялаумен жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушімен құрылған, олардың арасында басымдылыққа ие келесі тұлғалар: балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйінің түлектері, зейнетке дейінгі жастағы тұлғалар, мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан тұлғалар, жалғыз басты және көп балалы ата-аналар, жеті жасқа дейінгі балаларға, мүгедек-балаларға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге  күтім жасайтын тұлғалар, оралмандар.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері экологиялық үстемақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде жалақының белгіленген мөлшерінің 35 %-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс.

Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтылығы 12 айдан көп емес.

 

Қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналастыру – халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуін талап етпейтiн, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтiк пайдалы бағыттағы еңбек қызметiнiң түрлерi. Қоғамдық жұмыстарға қатысуға құқылы: жұмыссыздар, жаздық демалыстар кезеңінде және 16 жастан жас емес оқу үдерісіне кедергі келтірмейтін және денсаулыққа залал тигізбейтін, жұмыстарда оқу уақытынан бос уақытта жалпы орта мектептерінде жоғары сыныптарда оқитын студеттер және оқушылар немесе тоқтап қалуына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген тұлғалар.

Авариялар, табиғи апаттар, дүлей зiлзалалар және басқа да төтенше жағдайлар зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi қоғамдық жұмыстарға жатпайды.

Қоғамдық жұмыстардың ұзақтылығы 12 айдан көп емес.

Салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдар есебімен сәйкесінше қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңмен анықталған және пайдаланылмаған Қоғамдық жұмыстарға қатысатын тұлғалардың еңбекақысының төлемі еңбекақы төлемі мөлшеріне минимул өлшемінен төмен емес бекітіледі.

 

Жастар іс-тәжірибесіне жұмысқа орналастыру

Жастар іс-тәжірибесі алынған мамандық (кәсіп) бойынша орта және жоғары білімнен кейін кәсіби және техникалық білім беру ұйымдарының түлектері үшін ұйымдастырылады.

Жастар іс-тәжірибесіне 29 жастан аспайтын түлектер, білім туралы диплом алған күннен           3 жылдан аспаған жағдайда жіберіле алады.

Бағдарламаға қатысу уақыты 6 айдан аспайды. Жастар іс-тәжірибесі түлектерге алынған білімдері мен дағдыларын пысықтауға, жұмыс тәжірибесін алуға, тұрақты жұмыс орнына орналасуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама қатысушының еңбекақысы 25 АЕК-ті (айлық есептік көрсеткіш) немесе 56725 теңге құрайды.

 

Қысқа мерзімді кәсіби оқытуға жолдама.

Оқыту еңбек нарығындағы сұранысқа ие әртүрлі мамандықтар бойынша ақысыз.

Оқытуды қалайтындар құжаттар ұсынады (жеке бас куәлігі, білімі туралы құжат, еңбек кітапшасы, у-086 анықтамасы) оқыту кезеңінде шәкіртақы төленеді.

Қысқа мерзімді кәсіби оқытудан өтетін Бағдарлама қатысушылары оқуды төлеу бойынша шәкіртақы мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі.

Қысқа мерзімді кәсіби оқытудың ұзақтылығы мамандықтың ерекшелігіне байланысты бір айдан алты айға дейін дейін.

Оқыту аяқталғаннан кейін мемлекеттік үлгідегі құжаттар беріледі.

 

Шағын несие беру жұмыссыздарға, кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар ретінде пайдаланылады.

Шағын несие – ЕДБ/МҚҰ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және мақсатқа сай пайдалану шарттарымен кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша Бағдарламаға қатысушыға беретін қарыз қаражаты;

Шағын несие келесі жағдайларда беріледі:

1) жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01 %-бен қайтарымдылық, жеделділік, ақылылық, қамтамасыз етілу және мақсатқа сай пайдалану қағидаттарымен 7 (жеті) жылдан аспайтын мерзімге;

2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – Қазақстан Республикасының қалаларында, моноқалаларында жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларды одан әрі қаржыландыруға арналған қаражатты кредиторларға орналастыру;

3) қаражатты игеру мерзімі – 12 ай;

4) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі – кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды;

5) несие валютасы – теңге;

6) кредиторлар бөлінген қаражатты қаржы құралдарына инвестициялауға және/немесе олармен операция жасауға, сондай-ақ, шетелдік валюта сатып алу үшін валюта нарығына жібермейді;

7. Шағын несие беру жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін «Бастау Бизнес» жобасы аясында олармен кәсіпкерлік негізіне немесе Бағдарламаның бірінші бағыты аясында кәсіпкерлік негізіне  оқыту курстарынан өткен немесе соңғы екі жыл ішінде басқа бағдарламалар аясында кәсіпкерлер негізіне курстарынан өту туралы сертификат болған жағдайда беріледі.

Бағдарлама қатысушылары үшін (жаңа бастаған кәсіпкерлерді есептемегенде) шағын несие жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру жағдайында беріледі. Шағын несие ұсыну туралы шартта несие берушілер міндетті тәртіпте Бағдарлама қатысушысымен жаңа жұмыс орындарын құру бойынша талаптарды көрсетеді.

Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы қалада тұрақты тіркеуі бар барлық жұмыссыздарды және жұмыс іздеп жүрген тұлғаларды жоғарыда баяндалған бағдарламаларға қатысу үшін шақырады.

Біздің мамандар сіздерді Тургенев көшесі, 30 мекенжайы бойынша күтуде.

Біз, осы Бағдарлама жұмыспен қамту орталығына жүгінген әрбір адамға келешек күніне сенім мен үміт береді деп сенеміз.