ШҚО ҚАЖД ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНЕ ШЫҒУ КЕЗДЕСУ

Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығымен ШҚО бойынша Құқықтық атқару жүйесі департаментінің пробация қызметіне 2019 жылғы 18 маусымда кестеге сәйкес, есептегі тұлғаларға жұмысқа орналастыруға және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша шығу кездесуі өткізілді.

Осы іс-шараның мақсаты «әлеуметтік портретті» құру, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және пробация қызметінің есебіндегі тұлғалардың әлеуметтік проблемаларын анықтау.

Жұмыспен қамту орталығының маманы бар бос жұмыс орындары туралы ақпаратты ұсынды, үміткерлермен жұмысқа сұхбат жүргізді, кәсіпорындарға жұмыс іздеушілерді жіберді.

Жұмыс іздеп шығу кездесулеріне 7 адам қатысты, іс-шара барысында  2 адам квоталанатын жұмыс орындарына кәсіпорындарға жолдама алды.

Жұмыспен қамту орталығының маманы жұмысқа орналастыру, оқыту, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және тұрғын үй көмегі мәселелері жөнінде кеңестік және ақпараттық қызметтер көрсетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

three × 4 =