-Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру ережелері

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 516 бұйрығына
1-қосымша

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

       1. Осы Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң) 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыссыздар, оқудан бос уақытта, денсаулыққа зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарда студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 04.01.2019 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыр жұмыстар – жұмыскердің ауыр (он килограмм және одан ауыр) заттарды қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуға, жылжытуға және тасуға байланысты әрі дене күшін жұмсауды талап ететін (250 ккал/сағаттан астам энергия жұмсалатын) қызметінің түрлері;

      2) «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы қолдап отыратын электрондық ақпараттық ресурс;

      3) алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);

      5) еңбек нарығы – жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;

      6) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

      7) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

      8) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

      9) жұмыспен қамтудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;

      10) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;

      11) қоғамдық жұмыстар – халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшiн әлеуметтiк пайдалы бағыттағы еңбек қызметiнiң түрлерi;

      12) лайықты жұмыс – кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша еңбек тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көлiктiң қолайлығына сәйкес келетін, соның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс;

      13) ұзаққа созылған жұмыссыздық – ұзақтығы он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыздық;

      14) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

       15) халықты жұмыспен қамту орталығы – халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.06.2018 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.01.2019 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. Авариялар, табиғи апаттар, дүлей зiлзалалар және басқа да төтенше жағдайлар зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi қоғамдық жұмыстарға жатпайды.

       4. Осы Қағидалармен Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жөніндегі құқықтық қатынастар реттелмейді.

 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі

      5. Қоғамдық жұмыстарды халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша ұйымдастырады.

      6. Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы 12 айдан аспайтын мерзімді құрайды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және олардың мынадай ерекшеліктері бар:

       1) жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар қолданылмайды;

      2) жұмыстарды толық емес жұмыс күні шарттарында немесе икемді график бойынша ұйымдастыру мүмкіндігі;

      3) өңір үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан пайдалы;

       4) арнайы білімі жоқ адамдарға уақытша жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі.

       8. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын құрғысы келетін жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ағымдағы қаржы жылына өтінімдер береді.

       9. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру мәселелері бойынша жұмыс берушілерге концультация береді;

       2) қаржыландыру шегіне байланысты жыл сайын 1 қарашаға дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын жұмыс берушілерден алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады;

      3) өтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды бірыңғай тізбеге жинақтайды және бекіту үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді;

      4) жыл ішінде қажеттілікке қарай жұмыс берушілерден қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдайды.

       10. Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыс берушімен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруға шарт жасасады.

      11. Қоғамдық жұмыстарға:

      1) жұмыссыздар;

      2) оқудан бос уақытта студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарда;

      3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар қатысады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       12. Халықты жұмыспен қамту орталығы қоғамдық жұмыстарға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдама береді.

      Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін адамдар халықты жұмыспен қамту орталығына тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жіберіледі.

       Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін адамдар қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 04.01.2019 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       13. Тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар халықты жұмыспен қамту орталығына әлеуметтік еңбек демалысын беру немесе мәжбүрлі тоқтап тұру туралы жұмыс берушінің актісін (еркін нысанда) ұсынады.

       14. Студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары демалыс кезеңін көрсете отырып, жазғы демалыста болуы туралы оқу орнының анықтамасын (еркін нысанда) ұсынады.

      15. алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       16. Жұмыс берушілер адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысу кезеңін еңбек кітапшасына енгізеді.

      17. Адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысқаны және оны аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтер жұмыспен қамтудың жеке картасында көрсетіледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       18. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 22-бабы 4-тармағына сәйкес қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсіз себептермен өз еркімен тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және халықты жұмыспен қамту орталығында қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң кейін ғана қоғамдық жұмыстарға қайта жіберіледі.

      19. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарды есепке алуды жүзеге асырады;

       2) «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 227 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13485 болып тіркелген) бекітілген нысан және мерзімдер бойынша қоғамдық жұмыстар жөнiндегі есептiлікті жүргiзедi және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға ұсынады.

 3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі

      20. Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша олардың қаражаты шегінде қаржыландырылады.

       21. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен (бұдан әрі – Еңбек кодексі) реттеледі.

       Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың жалақы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған жалақының ең аз мөлшерінен төмен емес мөлшерде белгіленеді.

      Орындалатын жұмыстың күрделілігіне қарай жұмыс беруші қажет болған жағдайда нақты орындалған жұмыс үшін өзінің жеке қаражаты есебінен қосымша үстемеақы белгілейді.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       22. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеуді халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын, Қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгiлiк шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілер ұсынған мәліметтердің негізінде жүргізеді және қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың екінші деңгейдегі банктерде немесе банк қызметінің жеке түрлерін жүргізуге құқығы бар өзге қаржылық институттарда ашылған ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырады.

      23. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшiн жұмыссыздарға есептелген жалақыға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 15-1-бабына сәйкес салық салынады.

       24. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы адамдарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнiндегi әлеуметтiк жәрдемақы төлеудi Еңбек кодексіне сәйкес Халықты жұмыспен қамту орталығы жүргiзедi.

       25. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы адамдарға жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтiрiлген зиянды өтеудi Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен жұмыс берушi жүргiзедi.

  Қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  __________________________
(ауданының, қаласының)
Халықты жұмыспен қамту
орталығына
__________________________
(кімнен)      

 Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс берушіден алдағы қаржы жылына арналған өтінім

       Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 04.01.2019 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ______________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (жұмыс берушiнiң толық атауы, заңды мекенжайы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі), байланыс жасайтын адамдар мен телефондары)

      жұмыссыздар, оқудан бос уақытта студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесіне қосуды сұрайды.

      Жұмыс берушілердің тізбесіне қосу мәселесі оң шешiм тапқан жағдайда жұмыссыздарға, оқудан бос уақытта студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдарға тiзбеге сәйкес мынадай жұмыс орындары ұсынылатын болады:

Р/с № Жұмысқа кім ретінде қабылдау жоспарланып отыр Жұмыс орындарының жоспарланған саны Ай Айлық жалақы мөлшерi, теңге Төлемдердің жоспарлы мөлшерi, теңге
























       Басшы ___________________________________ __________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))             (қолы)

  Қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

 Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруға арналған үлгiлiк шарт

       Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 04.01.2019 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       _____________________                                                             _____________

      (қала, облыс, аудан)                                                                               (күнi)

      1. Осы шарт бұдан әрi «Тапсырыс берушi» деп аталатын директоры

       ___________________________________________________________________

                  (тегi, аты, әкесiнiң аты                   (бар болса)

       ___________________________________ Халықты жұмыспен қамту орталығы

      (қала, облыс, аудан)

       атынан директор ____________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      және бұдан әрi «Орындаушы» деп аталатын _____________________________

       ____________________________________________________________ атынан

      (жұмыс берушiнiң атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

       __________________________________________________________ арасында

      (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

       Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13938 болып тіркелген) бекiтiлген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрi – Қағидалар) және ауданның (қаланың, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органының 20__ жылғы _________ № ___ шешіміне сәйкес төмендегі туралы жасалды:

 1. Шарттың мәнi

      2. Жұмыссыздар, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар үшiн қоғамдық жұмыстарды Қағидаларға сәйкес қаржыландыру.

       3. Шарттың сомасы _________________ теңгені құрайды.

                                                      (жазбаша)

 2. Тараптардың мiндеттерi

      4. «Тапсырыс берушi»:

      тараптарға қоғамдық жұмыстарды құру және қаржыландыру мәселелері жөнінде консультация беруге;

      Орындаушымен қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарт жасасуға;

      жұмыссыздың қоғамдық жұмысқа жұмысқа орналастырылғаны және қоғамдық жұмысқа қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмысқа орналастырудың жеке картасында көрсетуге;

      Тараптардан қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге құқылы.

      5. «Орындаушы»:

      Өзіне тікелей жүгінген адамдарды «Тапсырыс берушінің» жолдамасы бар адамдармен тең жағдайда жұмысқа қабылдауға;

      Тапсырыс берушіден еңбек нарығының жағдайы туралы тегін ақпарат алуға құқылы.

      6. «Тапсырыс берушi»:

      жұмыссыз, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген __________________ адамды олардың келiсiмi бойынша қоғамдық жұмыстарға жiберуге; (жазбаша)

       Орындаушы ұсынған құжаттардың негізінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 26-тармағына сәйкес жасалған әлеуметтік келісімшартқа және 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес адамдарға жалақыны уақтылы және толық көлемде аударуға міндеттенеді.

      7. «Орындаушы»:

      1) адамдарға еңбек шартында айқындалған түрлер, мерзiмдер және шарттар бойынша жұмыс беруге

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

       ___________________________________________________________________;

      (тiзiп жазу)

       2) адамдармен Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарттарын жасасуға;

      3) қажет болған жағдайда қабылданған адамдарға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлеуге;

      4) әрбір адамға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге;

      5) қажет болған жағдайда адамдарды арнайы киіммен, құрал-саймандармен, жабдықтармен қамтамасыз етуге;

      6) Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;

       7) азаматтардың еңбек міндеттерін атқару кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;

      8) есепті айдың аяқталуына бес жұмыс күні қалғанда Тапсырыс берушіге осы Үлгілік шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтін адамдар туралы мәліметтерді ұсынуға міндеттенеді.

 3. Еңбекақы төлеу

       8. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы адамдарға еңбекақы төлеу Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарты негiзiнде жүргiзіледi және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігiне байланысты болады.

       9. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшiн адамдарға есептелген еңбекақыға 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес салық салынады.

 4. Тараптардың жауапкершiлiгi

       10. Тараптар қоғамдық жұмыстарға ақы төлеуге арналған бюджеттiк қаражатты мақсатқа сай пайдаланбағаны үшiн 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.

      11. Шартты орындау барысында туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.

      12. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы басқа тарапқа кемінде бір ай мерзім бұрын ескертуге міндетті.

      13. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.

 5. Форс-мажорлық жағдайлар

      14. Тараптар осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкіну, су тасқыны және әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      15. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған тарап, форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде бұл туралы басқа Тараптарды жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етеді.

      16. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау Тараптарды мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде, кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан шеттетеді. Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы немесе тоқтауы туралы хабарлама форс-мажорлық жағдайлар жалпыға белгілі және көпшілік сипатта болған әрі дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің шешімімен расталуға тиіс.

      17. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар орын алған уақытқа, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар уақыт кезеңіне қарай кейінге шегеріледі. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, Тараптар осы Келісімшартты бұзуға құқылы.

 6. Шарттың қолданылу мерзiмi

      18. Шарттың қолданылу мерзiмi________________________________

      19. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      20. Шарт әрқайсысының заңдық күші бар екi данада екi тарап үшiн жасалған.

 7. Тараптардың заңды мекенжайлары:

Тапсырыс берушi
_________ ауданының (қаласының)
Халықты жұмыспен қамту орталығы
заңды мекенжайы:
_____________________________
ЖСК_________________________
БСК _________________________
БСН (ЖСН)___________________
Коды ________________________
___________________ _________
(Тегі, аты, әкесінің (қолы)
аты (бар болса)
М.О.
Орындаушы
заңды мекенжайы:
____________________________
ЖСК________________________
БСК ________________________
БСН (ЖСН) __________________
Коды _______________________
__________________ _________
(Тегі, аты, әкесінің (қолы)
аты (бар болса)
 
  Қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

 Қоғамдық жұмыстарға № ______ жолдама

       Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Жұмыссыз, оқудан бос уақытта студент және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушысы денсаулығына зиян келтірмейтін және оқыту процесін бұзбайтын

      жұмыстарға, тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адам (қажеттісінің

      астын сызыңыз)

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ______________ бастап ____________________ дейін ______ ай мерзімге

      ________________________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

      ________________________________________________________________________________

      (кәсіп/мамандық атауы)

      мамандығы (кәсібі) бойынша қоғамдық жұмысқа орналасу үшін жіберіледі.

       _____________________________________________            _____________________

      Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                              (қолы)

      Берілген күні

      М.О.

      ————————————————————————————————————————

      (кесу сызығы)

      Жұмысқа орналасу үшін жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде

      Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады

      № ______ жолдамаға хабарлама

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы)

      _________________________________________________________ бағдарламасы шеңберінде

      (бағдарламаның атауы)

      20__ » » __________ жасалған еңбек шартына сәйкес (20__ жылғы «_____»

       _____________ №____ бұйрық) ______________________________________________ ретінде

      (кәсіп/мамандық атауы)

      20__ жылғы «___»_________ бастап 20__жылғы «___»_______________ дейін

      ___________________ қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналасу мерзімімен 20__ жылғы

      _________ қоғамдық жұмыстарға қабылданды.

      Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

      Жұмыс берушінің жауапты өкілі:

       ____________________________________ ___________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                  қолы

      М.О. (бар болса)

  Қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
4-қосымша

      ___________________ ауданының

      (қаласының) Халықты жұмыспен

      қамту орталығының директорына

      _____________________________

      мекенжайы бойынша тұратын

      _____________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса)

      Нысан

 ӨТІНІШ

       Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мені __________________________________________________________

      (бағдарламаның атауы)

      бағдарламасы бойынша қоғамдық жұмысқа жіберуіңізді сұраймын.

      Қосымша ___ парақта:

      жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы, ауыл әкімінің анықтамасы) көшірмесі;

      еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);

      білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ бар болса, оқудан өткенін растайтын құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері;

      толық емес жұмыс уақыты немесе ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты режиміне ауыстыру немесе әлеуметтік демалыс ұсыну туралы немесе мәжбүрлі тоқтап тұру туралы, жалақысы сақталмайтын еңбек демалысы туралы (ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмыскерлер үшін) жұмыс берушінің актісі;

      демалыста болу туралы оқу орнынан анықтама (бар болса).

      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинау мен өңдеуге келісім беремін.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.

      _________________                                   ___________

                 Күні                                               қолы

      —————————————————————

      (кесу сызығы)

      Азамат (ша) _________________________________________________ өтініші

      20__ жылғы ___ ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.

      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _________________                                   ___________

                  Күні                                              қолы

      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.