Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

Қоғамдық жұмыстар халықты жұмыспен қамту орталығымен жұмыс берушілердің сұранымдары бойынша жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту үшін ұйымдастырылады.

Қоғамдық жұмыстар жұмысшының алдын ала кәсіби даярлауын талап етпейді және әлеуметтік пайдалы бағыттылығы бар.

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға құқылы:

  1. жұмыссыздар;
  2. жаздық демалыстар кезеңінде жалпы орта мектептерінде жоғары сыныптарда оқитын студеттер және оқушылар;
  3. тоқтап қалуына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген тұлғалар;

Қоғамдық жұмыстардың ұзақтылығы 12 айдан көп емес.

Тұлғалардың қоғамдық жұмыстарға қатысқан кезеңін жұмыс берушілер еңбек кітапшасына енгізеді.

Қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыздар келесі құжаттарды қоса берумен өтініш береді:

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
  • тұрғылықты тұру жері бойынша тіркелуді растайтын құжаттардың көшірмесі (мекенжай анықтамасы, ауылдық әкімнің анықтамасы);
  • еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда);
  • білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқығанын растайтын құжаттарды (куәлік, сертификат) болған жағдайда;
  • толық емес жұмыс уақытына көшу немесе қысқартылған жұмыс ұзақтылығының ұзақтылығын қысқарту, әлеуметтік демалыс беру, еңбекақыны сақтаусыз демалыс, еріксіз тұрып қалу туралы жұмыс берушінің акті (жартылай жұмыс істейтін жалдамалы жұмысшыларға);
  • демалыста болу туралы оқу орталығынан анықтама (бар болған жағдайда).

Мекенжай: Өскемен қаласы, Тургенев көшесі, 30, кабинет 305,
тел. 8 (7232) 29-33-74.