Әлеуметтік жұмыс орындары

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша жұмыс берушіге жадынама

Әлеуметтік жұмыс орындары (әрі қарай – ӘЖО) – әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың жалақысына субсидияның ай сайынғы мөлшері жалақының белгіленген мөлшерінен 35 %-ды құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды (2019 жылға 42426 теңгені құрайды). Субсидия шартты негізде Халықты жұмыспен қамту орталығымен жұмыс берушінің есептік шотына аударылады.

Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтылығы 12 айдан кем емес.

  Халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт жасау үшін жұмыс берушіге ұсыну қажет құжаттар:

  • ӘЖО ұйымдастыруға қаржылық жылға сұраным;
  • жеке кәсіпкерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайтадан тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтамасы;
  • заңды тұлға жарғысының көшірмесі;
  • есеп шотының бар болуы туралы банктен анықтама (дөңгелек мөрмен фирмалық бланк).

Жұмыс беруші жауапты:

  • ӘЖО ұйымдастыруға қаржылық жылға сұраным ұсыну;
  • Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексіне сәйкес жұмыссыздармен еңбек шартын жасау;
  • ӘЖО-на жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға еңбекақы төлемін еңбек шартымен бекітілген мөлшерге байланысты нақты жұмыс жасалған уақытқа ай сайын жүргізу;
  • өз уақытында және толық көлемде бюджетке МЗЖ, МӘМС және басқа төлемдерді аудару;
  • ӘЖО қатысу туралы мәліметтерді халықты жұмыспен қамту орталығына ұсыну;
  • Бағдарламаның қатысушыларымен еңбек шартын тоқтауы туралы Халықты жұмыспен қамту орталығын уақытында хабарландыру.
  • Бағдарлама қатысушыларының еңбек төлемін субсидиялауға бөлінген бюджеттік қаражатты мақсатты орындау мониторингін жүргізуге байланысты мәліметтерді дұрыс ұсыну және әрі қарай тексеру органдарымен оларды тексеру.
  • ӘЖО жіберілген тұлғаларға ҚР еңбек заңнамасы әрекет етеді;
  • Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыс істеу кезеңін Бағдарлама бойынша жұмысқа орналасқан тұлғалардың еңбек кітапшасына жұмыс берушілер енгізеді.
  • Жұмыс беруші нақты жасалған жұмысқа қажет болған жағдайда қосымша үстеме жүргізе алады.

Мекенжай: Өскемен қаласы, Тургенев көшесі 30, кабинет 305,
анықтама телефоны: 8 (7232) 29-33-74.