Өскемен қаласының оқу орталықтарының түлектерімен кездесу жүргізу туралы ақпарат

2018 жылғы 4 ақпаннан 25 ақпан аралығында Өскемен қаласының білім беру бөлімі «Нұр Отан» партиясымен және Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығымен, сонымен қатар Өскемен қаласы жол полициясы батальоны қызметінің инспекторларымен бірлесе «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары туралы ақпараттандыру және түсіндіруді жүзеге асыру аясында оқу орталықтарының түлектерімен кездесулер жүргізді: «Шығыс Қазақстан техникалық-экономикалық колледжі», «Техникалық-экономикалық колледжі» мекемесі, «Шығыс Қазақстан менеджмет және технология колледжі» мекемесі, «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжі», «Көлік және өмірлік іс-әрекет қауіпсіздігі колледжі» мемлекеттік емес мекемесі, «Политехникалық колледж» КМҚК, «Қазақстан-Американдық еркін университет колледжі», «Өскемен стоматологиялық колледжі» ЖШС.

Кездесулерде шамамен 680 түлек қамтылды. Мамандар студеттерді «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен, қалалық жұмыспен қамту қызметімен көрсетілетін қызметтермен, сонымен қатар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу шарттарымен таныстырды, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпараттандырды. Бағдарламалар тізімі және оларға қатысу түсіндірумен буклеттер таратылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

three + nine =