Өскемен қаласының оқу орталықтары түлектерімен кездесу өткізу туралы ақпарат

2019 жылғы 21 қаңтардан 28 қаңтар бойынша Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығымен «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының мүмкіндіктері туралы құлақтандыру және түсіндіруді жүзеге асыру аясында түлектермен кездесулер өткізілді: Өскемен қызмет көрсету колледжі, «Квансон» Қазақ-Корей колледжі мекемесі, «Өскемен көп профильді техникалық колледжі» мекемесі.

Кездесулерде 167-ден астам түлек қамтылды. Мамандар студенттерді Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының критерияларымен, қалалық жұмыспен қамту қызметімен көрсетілетін қызметтермен, сонымен қатар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу жағдайларымен таныстырды. Бағдарламалар тізімімен және оларға қатысуды түсіндірумен буклеттер таратылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

6 + two =