2019 жылғы 31 мамырда Халықты жұмыспен қамту орталығымен семинар өткізілді.

2019 жылғы 31 мамырда Халықты жұмыспен қамту орталығымен «Электрондық еңбек биржасы» және «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша семинар өткізілді.

Семинарға 40 астам білім беру саласының мекемесі қатысты.

Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Галина Вениаминовна Пахомова мектеп директорларына және кадр бөлімінің басшыларына бағдарламаның бағыттары, сонымен қатар жастар іс-тәжірибесіне, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары және кәсіби оқыту туралы толық ақпарат берді.

Сонымен қатар, www.enbek.kz интернет ресурсы базасында Электрондық еңбек биржасында қалай жұмыс жасауды түсіндірді. www.enbek.kz арқылы қызметкерлерді қабылдау, еңбек шарттарын толтыру ережесімен таныстырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

1 × four =