Жұмыс іздеуші тұлға ретінде тіркелу

Egov.kz порталында үйден шықпай жұмыс іздеуші тұлға ретінде тіркеле, сонымен қатар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жолдама ала аласыздар. Жұмыссыз тұлғалар үшін 4 жолдама беріледі:
            жастар іс-тәжірибесіне жұмыссыз азаматтарға жолдама беру;
            қоғамдық жұмыстарға жұмыссыз азаматтарға жолдама беру;
            әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін жұмыссыз азаматтарға жолдама беру;
            жұмысқа орналасу үшін жолдама беру.
            Жұмыс іздеуші тұлғалар үшін «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жұмыссыз азаматтарды жіберу» қызметі мүмкін жұмысқа орналасу үшін жолдама беру бөлігінде ғана қолжетімді. «Себепті бас тарту жұмыс іздеуші тұлғаға табыс әкелетін жұмысы бар немес кірісі және жұмысы жоқтығы туралы жалған құжаттарды ұсынған жағдайда болады». Қызмет зейнет жасындағы тұлғаларға қолжетімсіз. Қызметті алу бойынша барлық ақпарат пайдаланушының «Жеке кабинетінде» сақталады. Мемлекеттік қызметтің ұсынылу нәтижесі жұмыс іздеуші тұлға ретінде тіркелу туралы хабарландыру алу, сонымен қатар жұмыспен қамту бойынша жолдама алу. Жолдама Халықты жұмыспен қамту орталығымен электрондық түрде беріледі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

3 × 1 =