Төтенше жағдай әрекет ету кезінде 2020 жылғы екінші тоқсанға «ОНЛАЙН» режимде (үйден шықпай) АӘК-ті қалай рәсімдеуге болады?





 Төтенше жағдай әрекет ету кезінде 2020 жылғы екінші тоқсанға «ОНЛАЙН» режимде (үйден шықпай) АӘК-ті қалай рәсімдеуге болады?
Маңызды! ҚР төтенше жағдай әрекет етуге, сонымен қатар өтініш беруші деніңің саулығын қамтамасыз етуге байланысты 2020 жылғы 1 сәуірден АӘК тағайындау үшін Жұмыспен қамту орталығына келудің қажеттілігі жоқ.
1 қадам – Халықты жұмыспен қамту орталығы (ассистент) 2020 жылғы 1 тоқсанға АӘК алушының жеке ісінде көрсетілген нөміріне хабарласады.
Өтініш беру түрін анықтайды (WhatsApp, электрондық пошта арқылы немесе қағаз түрінде ассистент, ауылдық округ бөлімдері арқылы сәйкесінше байланыс болмаған жағдайда).
Өтініш беруші бірінші рет АӘК тағайындау жағдайында құжаттарды рәсімдеу мәселесі бойынша кала/аудан жұмыспен қамту бөлімі /орталықтарының телефон нөмірлері бойынша кеңес алу алады.
2 қадам — өтініш беруші нысан бойынша алынған өтінішті толтырады және Жұмыспен қамту орталығына немесе ассистентке жолдайды (WhatsApp, электрондық пошта немесе қағаз арқылы).                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        
-нөмір және аккаунт өтініш берушінің атына немесе оның отбасының мүшесіне тіркелсе, өтініш WhatsApp мессенджері арқылы нөмір анықтамасында көрсетілген нөмірге жіберіледі (өтініштің суреті қоса беріледі);
— аккаунт өтініш берушінің атына тіркелсе, өтініш электрондық пошта арқылы жіберіледі (анықтамада көрсетілген Жұмыспен қамту орталығының электрондық поштасына өтініш қоса беріліп /тіркеліп, жіберіледі).
— электрондық сандық қолтаңба бар болған жағдайда (ЭСҚ) өтінішті E-gov электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады;
—  WhatsApp, электрондық пошта болмаған жағдайда, өтініш ассистентке беріледі, ол ауылдық округ әкімдігінде орналасқан өз-өзіне қызмет көрсету алаңы арқылы Халықты жұмыспен қамту орталығына жолдайды.
Өтініш беруші бірінші рет АӘК-ке үміт еткен немесе Қазақстан Республикасында төтенше жағдай әрекет ету кезеңінде өтініш берушінің отбасы құрамында, кірісінде, жеке қосалқы шаруашылығында өзгерістер болған жағдайда өтініш беруші учаскелік комиссияға сурет, бейне материалдарды WhatsApp немесе электрондық пошта бойынша жолдайды.
 3 қадам — Халықты жұмыспен қамту орталығы (специалист) жеке жоспар мен әлеуметтік келісімшартты жасау үшін өтініш берушінің WhatsApp, электрондық поштасына немесе өтінішті қабылдаған ассистентке жолдайды.
 4 қадам — өтініш беруші WhatsApp, электрондық пошта бойынша жеке жоспар мен әлеуметтік келісімшартты алғаннан кейін ерікті түрде келіседі және төтенше жағдай аяқталғаннан кейін қол қоюға міндеттеледі, Халықты жұмыспен қамту орталығының WhatsApp, электрондық поштасына жолдайды.
5 қадам — өтініш беруші WhatsApp, электрондық пошта немесе телефон (телефон арқылы хабардар ету) бойынша қабылданған шешім туралы хабарландыру алады.
 
Ескерту: мүмкін даулы мәселелерді шешу үшін АӘК тағайындау процесінің материалдары (хат алмасу және өтінішпен келіссөздер) Халықты жұмыспен қамту орталығы деректер базасында сақталады.
ТЖ кезеңінде АӘК тағайындау жөніндегі іс-әрекет алгаритімі және ережесі туралы толық ақпаратты әкімдік немесе Өскемен қаласының жұмыспен қамту бөлімі сайтынан:https://www.instagram.com/akimatoskemen/,ukazan.kz, www.instagram.com/czn.oskemen, сонымен қатар төменде көрсетілген телефондар бойынша:87026736697, 87719136106, 87776334394, 87752038646, Call-центр 48-90-26 ала аласыз.
 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

18 − 8 =