Қайырлы күн құрметті біздің оқырмандар!
Сіздермен Далелхан Амантай отбасымен қол жеткізілген оң нәтижесімен бөліскіміз келеді.
Отбасы әлеуметтік көмек алу өтінішімен Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінді.
Отбасы 6 адамнан тұрады, өтініш беруші- жолдасы Далелхан Амантай, жұбайы және кәмелет жасқа толмаған 4 бала, олардан екеуі мектеп жасына дейінгі балалар.
Өтініш беру кезеңінде Далелхан Амантай жұбайымен жұмыссыз болған, балалардың біреуінде мезобластикалық нефрома диагнозы қойылған, оны емдеу үшін ешкінің сүтін ішу қажет болды. Ешкінің сүті сирек кездесетіндіктен, оны алу мүмкіндігі ауырға тиді.
Отбасының жағдайын байқап, жұмыспен қамту орталығының мамандары ешкі шаруашылығын дамыту үшін «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты аясында мемлекеттік гранттарды алуға қатысуды ұсынды. Осы бизнес идея жеке ісін ашу үшін ынталандыру болды.
Отбасыға шартты ақшалай көмек тағайындалды. Шартты ақшалай көмек тағайындалған кезде отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына және қажеттілік болған жағдайда әлеуметтік бейімдеуге қатысу қажет болғандықтан, Әшiрап Айдариғаны кітапханашы ретінде Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қоғамдық жұмыс орынына жұмысқа орналастыру туралы шешім қабылданды, кейіннен жұмыста өзін жақсы жағынан көрсетіп, тұрақты жұмыс орынына қабылданды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында отбасы басшысы Далелхан Амантай грант ұтып алып, ол жеке қосалқы шаруашылығын дамыту үшін 1 теке және 6 сүтті ешкі сатып алды. Осы бағдарлама отбасыға тұрақты жұмыс орынын табуға, отбасының хәл-аухатының деңгейін көтеруге, материалдық жағдайын жақсартуға көмектесті.
Отбасының жалпы жағдайы жақсарды. Әлеуметтік келісімшарттың шарттары бұзушылықтарсыз орындалды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

один × 5 =