БЖТ дегеніміз не?

  • БЖТ – бұл сіздің әлеуметтік қорғалуыңызды қамтамасыз ететін тіркелудің жеңілдетілген түрі. Бірыңғай жиынтық төлемі төрт міндетті төлем түрін бірге біріктіреді: жеке табыс салығы (ЖТС), мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, БЖЗҚ және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар.
  • Қалай БЖТ-ді төлеу қажет? 
  • БЖТ-ді Қазақстанның кез-келген банкінде, сонымен қатар «Қазпоштаның» бөлімшелерінде төлей аласыз. Астана, Алматы, Шымкент, сонымен қатар облыстық орталық тұрғындары үшін төлем мөлшері 1 АЕК, 2019 жылы 2 525 теңге. Барлық қалған қалалар және елді мекендер тұрғындары үшін 0,5 АЕК немесе 1 263 теңге.
  • БЖТ-нен ақшалар қайда түседі.
  • Егер тұлға  2 525 теңге төлесе, бұл сома бірінші кезекте «Азаматтар үшін үкімет» есебіне түседі. Мемкорпорация бұл ақшаны төрт категорияға бөледі: ЖТС түрінде жергілікті бюджетке 253 теңге немесе 10 пайыз, адамның атына әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына 505 теңге немес 20 пайыз, оның жеке зейнетақы шотына 757 теңге немесе 30 пайыз, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 1 010 теңге немесе 40 пайыз.
  • Төлеушілерге БЖТ төлегеннен қандай пайда бар?

БЖТ-де еңбек төлемі есептелінетіндіктен базалық зейнетақыны үлкен мөлшерде алуға мүмкіндік алады. Олар МӘМС енгізілген кезде медициналық қамтамасыз етуді толық көлемде алады. Сонымен қатар, мемлекеттік сақтандыру мемлекеттік қорынан төлемдерді толық көлемде алады, мысалы 1 жасқа дейін бала күтімі және босануы, жүктілігі бойынша, мүгедек бойынша, еңбекке жарамдылығын жоғалтуы жағдайында, асыраушысынан айырылу жағдайында, жұмыссыздық бойынша, бала асырап алған жағдайда және басқа жағдайларда төлемдер.

Сұрақтар бойынша хабарласу қажет: тел: 29-33-72

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

fifteen + 16 =