Өскемен қаласының оқу орталықтарының түлектерімен кездесу жүргізу туралы ақпарат

2018 жылғы 1 наурызнан 29 наурыз аралығында Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығымен «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары туралы ақпараттандыру және түсіндіруді жүзеге асыру аясында оқу орталықтарының түлектерімен кездесулер жүргізді: Құмаш Нұрғалиев атындағы колледжі, Өскен қаласы Экономика және қаржы колледжі, Өскемен медициналық колледжі.

Кездесулерде шамамен 300 түлек қамтылды. Мамандар студеттерді «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен, қалалық жұмыспен қамту қызметімен көрсетілетін қызметтермен, сонымен қатар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу шарттарымен таныстырды, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпараттандырды. Бағдарламалар тізімі және оларға қатысу түсіндірумен буклеттер таратылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

two × five =